» » » 50 мың теңге үшін басы дауға қалған Салтанат Бақаева өзін айыптаған ақынға ақша төлеп құтылды

50 мың теңге үшін басы дауға қалған Салтанат Бақаева өзін айыптаған ақынға ақша төлеп құтылды

50 мÑÒ£ Ñеңге Ò¯ÑÑн баÑÑ Ð´Ð°ÑÒа ÒалÒан СалÑÐ°Ð½Ð°Ñ ÐаÒаева өзÑн айÑпÑаÒан аÒÑнÒа аÒÑа Ñөлеп ÒÒ±ÑÑлдÑ

50 мың теңге үшін басы дауға қалған Салатанат Бақаева мен оны айыптаған жас ақын Назерке Семейдің арасындағы даудың нүктесі қойылды. Әнші ақын қызға қомақты көлемде ақша төлеп құтылған, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы белгілі тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Иә, ақын қыз бен әншінің арасындағы дауға бүгін нүкте қойылды. “Уф” деп бір дем алдым…
Салтанат xанымның қорғаушысының келісім шартына екі тарап болып қол қойып, екі жақтың өкпесі болмағанына риза болдым», – деп жазды тележүргізуші.
Алайда Дәулетбекқызы Салтанат Бақаеваның жас ақынға қанша ақша төлегенін жасырып қалды. Алайда Назерке Семей Салатанаттан алған ақшасын дертке шалдыққан егіз қыздардың анасына беруді жөн көріпті.
«Мәселе ақшада емес, ағайын.Әділдікте. Ол қаражатты Назерке Фейсбук желісінде қос құлынына көмек сұрап, шырылдаған анаға берді», – дейді Бибиігүл Дәулетбекқызы.
Ал Сезім және Бегім есімді науқас қыздарының дертімен бірнеше жыл бойы күресіп келе жатқан анасы өзіне қолдау көрсеткен жас ақын мен тележүргізушіге алғыс білдірді. Толқынның егіз қыздарының бірінің басына су жиналып, осы күнге дейін зардабын тартып келеді екен.
Сезімімді тербетіп, жұбатып отыр едім, Бибігүл Дәулетбекқызының сыңғырлаған әсем дауысын естіп төбем көкке жетті. Нәзік тәп-тәтті үнімен: «Толқын ханым, сізге Назерке деген ақын қызымыз қайырымдылық жасап көмек бергісі келіп отыр, қарсы болмасаңыз», – деген сөзін естіп, еріксіз көзден жас кете берді. Қаршадай қазақтың қос аруы, Назерке өзі студент, өзі жас, ақша өзіне де артық етпейді. Әйтсе де менің қос құлыным Бегім мен Сезіміме көмек берсем деген ниеті, жүрегінің кең-жомарттығы, өзінің емес өзгенің де ауыр тауқыметіне өзі қосыла жаны ашып жылап тұрған дауысын естіп: «Алла қайда жүрсе де бағын ашсын, басына бақ қондырсын!» – деп тілеуін тіледім. Өмірде осындай қайратты,қайсар ару қыздарымыз барда қазақ деген ұлттың абыройы асқақтап, жақсы күндер кешетінімізге сенімдімін.
«Жыртық үйдің жамауы бар» деген осы, ағайын. Бүгін ғана Алматы қаласына жолдама алып, енді оған қалай алып барамын деп уайымдап отыр едім. Алла сәтін салып, Бибігүл ханым мен Назерке ханым қомақты қаржылай көмектерін беріп, бұл қиындықтың да шешімі шешілді. Алла разы болсын сіздерге, қазақтың қос арулары», – деп алғысын жаудырды науқас балалардың анасы Толқын.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақ эстардасында шырқалып жүрген 100-ден аса әннің авторы, жас ақын Назерке Семей күні кеше әнші Салтанат Бақаеваға ренішін жеткізіп, ұзату тойларында хитке айналған «Әгугәй, құрбым» әнін жазып бергені үшін бір тиын да алмағанын айтқан еді. Алайда Салтанат жас ақынға жауап беріп, “ешкімнің ала жібін аттамадым” деді. Артынша Салтанат Бақаева жас ақынды татуласуға шақырған еді.



Stan.kz

17 тамыз 2018 ж. 991 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930