» » Нұрсұлтанның Нұрлы жолы

Нұрсұлтанның Нұрлы жолы



Астана, BAQ.KZ. "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық телеарналардан тікелей эфирде жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.


Бұл - тариxи тұлғаның тариxи шешімі. Нұрсұлтан Назарбаев өз мәлімдемесінде билікте болған 30 жылына шолу жасап, мемлекет тарихындағы маңызды оқиғаларға тоқталып өтті. Шын мәнінде Тұңғыш Президент өте қиын, күрделі кезеңде ел тізгінін қолына алды. Кеңестік Қазақстаннан Тәуелсіз Қазақстан қалыптастыру жолында үлкен жауапкершілікті мойнына жүктеді. Қиын-қыстау уақыттан елді аман алып шықты. Қарап отырсақ, тәуелсіздік жылдарында жаңа ұрпақ өсіп жетілді. Мемлекеттің даму үрдісін жалғастыратын тұлғалар қалыптасты. Осының бәрі мемлекеттік саясатта сабақтастық жүретінін көрсетеді. Үлкен өзгеріс болады деп ойламаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұңғыш Президент деген мәртебесі сақталады. Нұр Отан партиясының төрағасы қызметінде қала береді. Соңғы өзгерістерге байланысты Қауіпсіздік кеңесі төрағасының құзыреті кеңейді.

Тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президенттің ел қуатын еселеуге қосқан еңбегі мен үлесі шексіз. Қазақ мемлекеті жаңғырды. Шекарамыз белгіленіп, мемлекеттік рәміздеріміз анықталды. Тәуелсіздік құндылықтары қалыптасты. Қазақстан әлемге танылып, ғаламдық саяси процестерге белсенді араласа бастады. Осы 30 жыл қазақ тариxында "Нұрсұлтанның Нұрлы жолы" деген атаумен қалады.
 

Берік Әбдіғали,
"Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

BAQ.KZ.



20 наурыз 2019 ж. 514 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930