» » Назарбаевтың портреті ғимараттар мен кабинеттерде қалады

Назарбаевтың портреті ғимараттар мен кабинеттерде қалады

Нұрсұлтан Назарбаевтың портреттері мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен кабинеттерінде қалады. Бұл туралы Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

ÐÒ±ÑÑұлÑан ÐазаÑбаев

«Сонымен қатар елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп санаймын. Тұңғыш президенттің фотосуретінің бәрі міндетті атрибут ретінде көпшілікке арналған ғимараттарда, мемлекеттік қызметкерлердің кабинеттерінде, оқу орындарының ғимаратында қалады», - дейді президент. 

Сондай-ақ, ол елбасының өмірлік іс-әрекеті «Тұңғыш президент туралы», «Елбасы туралы» заңдарға сәйкес қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
«Елбасыда барлық қызметтік инфрақұрылым сақталады. Нұрсұлтан Назарбаев - еліміздің тұңғыш әрі жалғыз елбасы болып қала бермек, ол - халықтың әкесі», - дейді Тоқаев. 

Айта кетсек, бүгін, 20 наурызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті атанды. Ол халықтың алдында ант қабылдады.

Stan.kz 
20 наурыз 2019 ж. 823 0