Сыр өңірінде тарихи өзгерістерді жұртшылық қызу талқылауда
Қазір халықтың көңіл-күйі көтеріңкі, ертеңгі күнге сенімі нық. Жұртшылық Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басқару кезеңінде біздің облыс даму бағытын айқындады.
ERNUR.KZ. Бүгінгі тарихи оқиғаларды еліміздің әрбір аймағындағы жұртшылық қызу талқыға салып жатыр. Бүгін тарихи күн. Қазақстанның жаңа кезеңге қадам басуы, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беру рәсімінің өтуі. Осындай тарихи оқиғалардың Ұлыстың ұлы күні әз-Наурызбен тұспа-тұс келгенін жұртшылық жақсылыққа балап отыр, деп жазады 24.kz.
Бүгінгі мерекелік шараға жиылған жұртта есеп жоқ. Жиылғандардың барлығы бүгінгі өзгерістерді қызу талқылап жатыр. Аға буын өкілдері, жастар, тіпті жасөспірім жас ұрпақ та Ұлт көшбасшысына, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғыстарын жаудыруда.
Қазір халықтың көңіл-күйі көтеріңкі, ертеңгі күнге сенімі нық. Жұртшылық Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басқару кезеңінде біздің облыс даму бағытын айқындады. Аграрлы-өндірістік салаларда, тұрғын үй құрылысында айтарлықтай оң өзгерістер халықтың көз алдында. Ендігі кезекте осы даму қарқыны, атқарылып жатқан ілкімді істер бұдан әрі қарай жалғасын табатынына сенімді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық облыс орталықтарындағы басты көшеге Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді ұсынды. Бұл жаңалықты да халық талқылап жатыр. Көпшілігі оң көзқарас білдіруде. Олар Сыр өңіріндегі әрбір жетістіктерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі бар деп есептейді.
ERNUR.KZ