«Дәрігерге қаралу ширк»: атыраулық әйелдер перзентханада босанудан жаппай бас тартуда
Отандық дәрігерлер «діндар» ата-аналарды балаларына екпе ектіруге көндіре алмай жатқанда, Атырау облысында жаңа проблема пайда болды. Дәстүрлі емес ислам ағымын ұстанатын әйелдер перзентханаға босануды күнә санап, жаппай үйлерінде босана бастапты. Бұл туралы Ratel.kzпорталы жазған.
Хиджабқа оранған келіншектер дәрігерге қаралуды ширк, яғни Аллаға серік қосу деп санайды екен. Сондықтан, мамандардың көмегінсіз, өздігімен үй жағдайында босанатын көрінеді. Мұндай ақпарат Атырауда өткен Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында айтылған.
Атырау облысында бала туу көрсеткіші төмендеген. Және бала мен ана өліміде. Былтырғы жылы өңірде 16 556 сәби дүниеге келген. Оның 923-і мезгілінен бұрын дүние есігін ашқан. Сондай-ақ, өңірде 15 пен 17 жас арасындағы жастардың жүктілігі жойылмай тұр. 91 жасөспірім жас ана болса, қалғаны (15 адам) түсік жасатқан.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мәншүк АЙМЫРЗАЕВАНЫҢ айтуынша, соңғы кезде шариғатқа қайшы деп перзентханаға бармай үйде босанатындардың саны артқан. Былтыр жүз әйел өз үйлерінде сәбилі болған. Олар медициналық қызметке діни көзқарастары үшін жүгінбейді екен. Бұдан өзге облыста дәрігерлер жетіспейді.
- Біздегі көптеген медициналық жоғарғы оқу орындары жыл сайын жүздеген дәрігерлерді дайындап шығады. Алайда, медициналық қызметкерлер жетіспейді. Ол оқу орындарына қыруар қаражат жұмсалады. Біз бюджетті қабылдағанда бұның бәрін көріп отырмыз ,- дейді депутат Иван КЛИМЕНКО. Мәжілісменнің айтуынша, жастар еңбекақының аздығынан дәрігер болуға ынталы емес.

https://sn.kz