» » Елордалық сәбилерге жиі қойылған есімдер белгілі болды

Елордалық сәбилерге жиі қойылған есімдер белгілі болды


2017 жылы елордада туылған 405 сәбиге Айзере есімі беріліпті. 354 рет қойылған Айлин есімі екінші орында. Үздік үштікке Әмина есімі де кірді. 353 ата-ана өз баласына осы есімді берген. Айару, Айша, Раяна, Аяла, Кәусар, Дәрия, Әдия, Інжу, Айым және Томирис есімдері де өткен жылы қыз балаларға қойылған есімдердің арасында алдыңғы қатарда тұр.
Ал ұлдар арасында жиі қойылған есімдердің үштігіне Әлихан, Әмір және Әли есімдері кіреді. Елордада 12 ай ішінде бұл есімдер 328, 255 және 222 балаға берілді. Сондай-ақ, астаналық ата-аналар өздерінің ұлдары үшін жиі таңдаған есімдердің арасында Айсұлтан, Санжар, Ерасыл, Арлан, Арсен, Нұрислам, Алан, Мансұр, Рамазан, Мирас және Әлинұр да кездеседі.
Балаларға елде болып жатқан оқиғаларға байланысты есім қою дәстүрі де өзгерген жоқ. Халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде «Есіл» ауданында ұл балаға Бәдібэкспо есімі берілді.
«Есіл», «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарының АХАТ бөлімшелері берген мәліметтерге сәйкес, елордада 2017 жылы Астанада 34 087 сәби дүниеге келген. 2016 жылы 32 056 бала туған.
24 қаңтар 2018 ж. 1 506 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930