» » “ҚАЖЫЛЫҚ РУХАНИ ДҮНИЕМДІ БАЙЫТА ТҮСТІ”

“ҚАЖЫЛЫҚ РУХАНИ ДҮНИЕМДІ БАЙЫТА ТҮСТІ”

Бұл – Таң ауылының тұрғыны Қант ­Наурызбаева есімді қажы ананың сөзі. Ол кісі қаңтардың соңы мен ақпан айының басында қажылық сапарын өтеді. Мұсылманның бес парызының бірі саналатын қасиетті сапарға барып келген анамыз бүтін бір әулеттің тірегі, жөн сілтеп, жол көрсетер ақылшысы екенін айта кеткен ­абзал.
Наурыз мерекесі қарсаңында аудандық “Иманқұл” мешітінің бас имамы Айбек Мәдиевтің бас­тамасымен қажы анамызбен дидарласудың сәті түсті. Аузынан Алласы түспейтін Қант апамыз бізге Мекке мен Мәдинада көрген-білгенін айтып берді.
– Жасым жетпісті алқымдаса да мұсылмандық парызымды өтеуді қаладым. Шамамен он бес сағаттай жол жүрдік. Алдымен Түркияға аялдадық. Стамбулдағы әуежайдан қажылық өтейтін қасиетті қалаға келдік. Жолбасшыларымыз өте сауатты адамдар екен. Араб тілінде еркін сөйлесіп, бізге барлығын аралатып көрсетті. Он күн бойы дұға тілеумен болдым. Қағбаны ұстағанда да, зәм-зәм суын ішкенде де Елбасы мен еліміздің амандығын, жеріміздің тыныштығын тіледім, – деді қажы ана.
Қажы анамыздың мұндай тілегіне сүйсініп, іштей “әумин” деп отырдық. Ол кісі Қағбаның кереметін әңгімелегенде, Мекке мен Мәдинадағы оқиғаларды баяндағанда сол жерде жүргендей әсер алдық. Әсіресе, Хира үңгірі мен Мұхаммед пайғамдардың құрма бағы жайлы сөздері жүрек түкпірінен орын алды.
Әңгімеге арқау болған Қант Наурызбаева өмірлік жары Қуанышбай Шағыртаев екеуі 5 бала өсіріп, тәрбиеледі. Жолдасымен бірге 20 жылдан аса күріш егіп, қызу еңбектің ортасында жүрді. Ұрпақтарына да адал еңбек табысқа жеткізетінін ұқтырды. Асыл ананың еңбегі еш кетпеді. Ұлы Имамзада Шағыртаев әке ісін жалғастырып, күріш екті. Бақытын да, табысын да еңбектен тапты. Облыстық мәслихат депутаты болып отыр­ған ағамыз өз ауылындағы ша­руашылықты басқарады. Бұл от­басындағы басқа балалар да ерен еңбектің үлгісін көрсетуде. Соның арқасында елге сыйлы, жұртқа абыройлы болды. Қа­жы­лықты өтеген Қант әжеміз немере, шөбере сүйіп, бақытты әу­лет­тің тірегіне айналды.

Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
27 наурыз 2019 ж. 800 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 725

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031