» » » ҚАСИЕТТІ КІТАПТАРДЫҢ СЫРЫН КІМ АШАДЫ?

ҚАСИЕТТІ КІТАПТАРДЫҢ СЫРЫН КІМ АШАДЫ?



Жаратқанның сөзі деп танылатын “Құран-Кәрімге” адам баласының құрметі шексіз. Алла тағала ислам дініндегінегізгікиелі кітапты Мұхаммедпайғамбар мен мұсылмандарға ақиқаттыбаянетуүшінтүсірген. Өзін мұсылманмын деп санайтын әрбір адам Құраннан аят оқылса, бар тіршілігін кейінге қалдырып, сілтідей тыныштық сақтап отыра қалады.

Аудандық музейде бірнеше Құран кітабы сақтаулы тұр. Парақтары сарғайған кітаптардың көбінің шыққан жылы да белгісіз. Осы бір қасиетті кітаптарды кім өткізгенін және оның қайдан келгенін білу мақсатында музейге бас сұққан болатынбыз. Ғылыми қызметкер Марат Шөмекей фототілші Махамбет Ахметов екеуімізге сөредегі кітаптарды біртіндеп көрсете бастады. Музей қызметкерінің айтуынша, бұл кітаптар “Иманқұл” мешітінің шатырынан табылғанға ұқсайды.


Осы тұста алдымен “Иманқұл” мешіті туралы айта кетейік. Алла үйін 1908 жылы Иманқұл Жалмағанбетұлы соқтырыпты. Бұл мешіт 1928 жылға дейін елді имандылыққа ұйытқан өңірдің құтханасы болған. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін мешіт ғимараты әртүрлі мақсатта пайдаланылған. Алдымен қойма, сонан кейін мәдениет үйі мен спорт мектебі ретінде қолданылған. Егемендігімізді еншілеп, тәуелсіздігімізді алғаннан соң ғана бұл ғимаратты жұртшылық қайта мешітке айналдырған. Бүгінде ауданның орталық мешіті 1998 жылы қайта жаңғырудан өтеді. Бұл іске сол кезде аудан әкімі болған Қожахмет Баймаханов басшылық жасағанын айта кеткен жөн. Мешіт шатырын жөндеп жатқанда араб әріптерімен жазылған шамамен оншақты кітап табылған. Музей қор сақтаушысы Қарлығаш Жанасбаеваның айтуынша, бұл кітаптарды мешіттің сол кездегі бас имамы Д.Мұзанбеков өткізген. Ал, қабылдаған Әлия Қалжекенова есімді ғылыми қызметкер. Тіркеу кітабына 2000 жылдың 14 қаңтары деп жазылған.

Біз бұл кітаптардың қайдан және қай жылы шыққанын анықтау мақсатында музейдің ғылыми қызметкері Марат Шөмекейді қайта сөзге тарттық. Ол қасиетті кітаптарды ауданда оқи алатын адамның сирек екенін жеткізді.
– Бір кездері молда болған Бердібек деген кісі қай кітапта не жазылғанын қысқаша айтып еді. Онан кейін “Иманқұл” мешітінің қазіргі бас имамы Айбек Мәдиев оқып, кітаптардың аттарын айтып, не жайлы жазылғанын мәлім етті,  – деді ол.
 Біз “Құран” тұрған сөрені тағы бір қарап шықтық. Мұнда шыққан жылы белгісіз бірнеше “Құран” кітабы бар. Сондай-ақ, “Пайғамбарлар баяны”, “Ғибатул ислам”, “Мұхтасар” жаназа мәселесіне қатысты “Фикх” кітабы тұр екен.
 Біз мұндағы  “Құран” кітаптарының бірлі-жарымы болмаса, көбінің шыққан жылы белгісіз екенін атап өттік. Тағы бір айта кетерлігі, сөреден 1328 жыл деген жазбаны оқыдық. Осыған қарап-ақ, қаншалықты құнды дүние екенін аңғаруға болады.
Сыры толық ашылмаған бұл кітаптардың беймәлім тұстарын арнайы мамандар зерттер деген үмітпен оқырман назарына ұсынып отырмыз. Бәлкім, қасиетті кітаптардың сырын толық ашатын адам табылар.


Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
Махамбет АХМЕТОВ (сурет).


12 наурыз 2019 ж. 1 170 1

Kelwara от 16 маусым 2019 01:05
Cheap Kamagra Now Cialis Fecha De Caducidad online pharmacy Need Progesterone 100mg Tablets Quick Shipping Buy Flagyl Online Without A Prescription Propecia Cancer De Prostata

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031