» » МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ


Бүгін Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінің ұйымдастыруымен адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың туылған күніне орай Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, «Иманқұл»мешітінің бас имамы А.Мадиев сөз алып, Мәуліт мерекесінің маңыздылығына тоқталды.
Мәуліт мерекесінде Алла тағаланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың қарапайымдығы мен ұлылығын насихаттайтын ғибраттық әңгімелер, Құран сүрелерін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуіне байланысты түскен аяттар оқылды.
Әсіресе, имандылық жолында сан мыңдаған қиындықтардан жол тауып шығатын, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін бейнероликтер, уағыздар тыңдаушының рухани тынығып, ой топшылауына ықпал етті.
05 желтоқсан 2018 ж. 1 204 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 674

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31