» » ҚАСИЕТТІ КІТАПТАРДЫҢ СЫРЫН КІМ АШАДЫ?

ҚАСИЕТТІ КІТАПТАРДЫҢ СЫРЫН КІМ АШАДЫ?

Жаратқанның сөзі деп танылатын “Құран-Кәрімге” адам баласының құрметі шексіз. Алла тағала ислам дініндегі негізгі киелі кітапты Мұхаммед пайғамбар мен мұсылмандарға ақиқатты баян ету үшін түсірген. Өзін мұсылманмын деп санайтын әрбір адам Құраннан аят оқылса, бар тіршілігін кейінге қалдырып, сілтідей тыныштық сақтап отыра қалады.
Аудандық музейде­ бір­неше Құран кітабы сақ­тау­лы тұр. Парақтары сар­ғайған кітаптардың көбінің шыққан жылы да белгісіз. Осы бір қасиетті кітаптарды кім өткізгенін және оның қайдан келгенін білу мақсатында музейге бас сұққан болатынбыз. Ғылыми қызметкер Марат Шөмекей, фототілші ­Махамбет Ахметов­ екеуімізге сөредегі кітаптарды біртіндеп көрсете бастады. Музей қыз­мет­керінің айтуынша, бұл кі­таптар “Иманқұл” мешітінің ша­тырынан табылғанға ұқ­сайды.
Осы тұста алдымен­ “Иман­құл” мешіті туралы айта кетейік. Алла үйін 1908 жылы Иманқұл Жалмағанбетұлы соқтырыпты. Бұл мешіт 1928 жылға дейін елді иман­ды­лыққа ұйытқан өңір­дің құт­ханасы болған. Кеңес үкі­меті орнағаннан кейін мешіт ғимараты әртүрлі мақ­сатта пайдаланылған. Алдымен қойма, сонан кейін мәдениет үйі мен спорт мектебі ретінде қолданылған. Егемендігімізді ен­шілеп, тәу­ел­­сіздігімізді ал­ғаннан соң ғана бұл ғи­маратты жұрт­шы­лық қай­та мешітке ай­нал­дыр­ған. Бү­гінде ау­дан­ның орталық ме­шіті 1998 жылы қайта жаң­ғырудан өтеді. Бұл іске сол кезде аудан әкімі болған Қожахмет Баймаханов бас­шылық жасағанын айта кеткен жөн. Мешіт шатырын жөндеп жатқанда араб әріптерімен жазылған шамамен оншақты кітап табылған. Музей қор сақтаушысы Қарлығаш Жанасбаеваның айтуынша, бұл кітаптарды ме­шіттің сол кездегі бас имамы­ Д.Мұзанбеков өткіз­ген. Ал, қабылдаған Әлия Қалжекенова есімді ғылыми қызметкер. Тіркеу кітабына 2000 жылдың 14 қаңтары деп жазылған.
Біз бұл кітаптардың қай­дан және қай жылы шық­қа­нын анықтау мақса­тын­да музейдің ғылыми қыз­мет­ке­рі Марат Шөмекейді қайта сөзге тарттық. Ол қа­сиетті кі­таптарды ауданда оқи алатын адамның сирек екенін жет­­кізді.

– Бір кездері молда бол­ған Бердібек деген кісі қай кітапта не жазылғанын қыс­қаша айтып еді. Онан кейін “Иманқұл” мешітінің қазіргі бас имамы Айбек Мәдиев оқып, кітаптардың ат­тарын айтып, не жайлы жа­зыл­ғанын мәлім етті, – деді ол.
Біз “Құран” тұрған сөрені тағы бір қарап шықтық. Мұнда шық­қан жылы белгісіз бірнеше “Құран” кітабы бар. Сондай-ақ, “Пайғамбарлар баяны”, “Ғи­ба­тул­ ислам”, “Мұхтасар” жаназа мә­се­ле­сіне қатысты “Фикх” кі­табы тұр екен.

Біз мұндағы “Құран” кітап­та­рының бірлі-жарымы болмаса, көбінің шыққан жылы белгісіз екенін атап өттік. Тағы бір айта кетерлігі, сөреден 1328 жыл деген жазбаны оқыдық. Осыған қарап-ақ, қаншалықты құнды дү­ние екенін аңғаруға болады.
Сыры толық ашылмаған бұл кітаптардың беймәлім тұстарын арнайы мамандар зерттер деген үмітпен оқырман назарына ұсынып отырмыз. Бәлкім, қа­сиетті кітаптардың сырын то­лық ашатын адам табылар.

Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
Махамбет АХМЕТОВ (сурет).

16 наурыз 2019 ж. 962 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930