» » Туберкулез жайлы 10 дәлел

Туберкулез жайлы 10 дәлел



1.Туберкулез-жұқпалы дерт.
Туберкулез туралы ежелден белгілі,жер шарындағы 2 миллиардқа жуық адам (әлем тұрғындарының 1/3)туберкулез жұқтырған,жыл сайын одан 2 миллионға жуық адам өмірден қайтыс болады.Көбіне 20-40 жастағы еңбекке жарамды жастағы адамдар ауырады.
2.Жұқтыру көзі – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас.
3.Ауру сөйлегенде,жөтелгенде,түшкіргенде беріледі.
Тар ауасы нашар тазартылатын мекемелерде ,адам көп шоғырланған жағдайларда ауруды жұқтыру қаупі жоғары.Дер кезінде оқшауланбаса,емделмесе,туберкулездің ашық түрімен ауыратын адам  жылына 10-15 адамға ауру жұқтырады.
4.Туберкулезбен ауырудың себебі адам ағзасы иммунитетінің әлсіреуі болып табылады (жеткіліксіз тамақтану,ауыр жұмыс,суықтау,күйзелістер).Залалды әдеттер туберкулездің дамуын одан сайын күшейтеді (шылым шегу, алкогольді және есірткіні пайдалану).
5.Туберкулездің негізгі белгілері: 2 аптадан аса жөтел, кеуде тұсының ауыруы, әлсіздік , жүдеу, дене қызуының көтерілуі, түнгі тершеңдік.
Жөтел-туберкулездің ең басты белгісі болып табылады.
Осы белгілерді есіңізде сақтап – өзіңізді және өзіңіздің жақындарыңызды қорғаңыз,емханаға өзіңіз барыңыз және жақындарыңыздың баруына ықпал етіңіз.
6.Туберкулезге тексерілу тегін.
Міндетті тексерілу әдісі – бактериологиялық және рентгенологиялық.
Дер кезінде және дұрыс қойылған диагноз табысты емделудің негізгі көзі болып табылады.
7.Туберкулезді емдеу тегін.
Туберкулез дер кезінде анықталса және дұрыс емделсе – толық жазылады.
Ол үшін:
-аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде кез келген емханаға немесе туберкулезге қарсы диспансер дәрігерлеріне көріну қажет.
-медицина қызметкерлерінің бақылауымен үздіксіз емделу қажет.
Дәрігердің  барлық талаптарын орындау керек!
8.Өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. Сіздің ағзаңыздың иммунитетін әлсірететін әдеттерден аулақ болыңыз –тиімді тамақтаныңыз, темекі тартпаңыз, алкоголь ішпеңіз, таза ауада көбірек серуендеңіз.
Өзіңіз тұратын, еңбек ететін немесе демалатын мекемені таза ұстауға және ауасын жиі тазартып отыруға тырысыңыз.
Үнемі жылына 1 рет алдын ала кеуде қуысының флюорографиялық тексеруінен өтіңіз.
Жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтаңыз.
9.Ауруға түсіністікпен, төзімділікпен қараңыз. Қолдан келеркөмегіңізді көрсетіңіз.
10.Туберкулез-тек медициналық қана емес ,қоғамдық мәселе.Сондықтан әрбір адам күнделікті өмірде аурудан қорғану туралы білімін қолданып отырған кез келген адам тоқтата алады.Сол білімін дұрыс пайдаланып, туыстары мен жақындарына жеткізіп отырса туберкулездің өсуін тоқтатуға болады.
Өзіңізді және жақындарыңызды туберкулезден сақтаңыз!




Ш.Ғ.Жүрсінова
Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық Орталық ауруханасы дәрігер-бактериолог
28 наурыз 2019 ж. 1 266 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930