Түсіңізде алтын көру нені білдіреді?
Алтын ежелден аса бағалы металл және қоғамда маңызы жоғары. Осы құнды металды түсіңізде көру нені білдіреді? Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалау жору керегін назарларыңызға ұсынады.
Егер әйел адам сыйлыққа таза алтын немесе əшекей бұйым алатын болса, дәулетті, бірақ сараң адамға тұрмысқа шығады.
Алтын тауып алу – артықшылықтарыңыз бен қабілеттеріңіздің арқасында байлық пен құрметке бөленетініңізді білдіреді.
Ал керісінше, алтын жоғалтсаңыз, алаңғасарлығыңыздың арқасында өміріңіздегі ең күшті мүмкіндіктен айырыласыз деген сөз.
Алтын кенін тапсаңыз, күрделі, бірақ құрметті жұмыс сізге жүктеледі.
Ал алтын кенінде жұмыс істеп жүрсеңіз, өзгелердің меншігін заңсыз иемденетініңіз жайлы хабардар етеді. Бұл түс сізге мұндай әрекет ертең зиян болатынын ескертеді.
Сондай-ақ алтынды көрген адамға байланысты, түс те әртүрлі жорылады:
- Ер адам - мансабы жоғарылайды.
- Бойжеткен - тосын сыйлар мен сыйлықтар
- Қария - өмірдің сәтті кезеңі басталатыны
- Бала - арманның орындалуы
- Жаңа босанған келіншек - нәрестесінің өмірі ұзақ, әрі бақытты болатыны
Егер алтын неке жүзігін көрсеңіз, көп ұзамай тойға барасыз.