» » Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін өңір басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Амангелді Смаилов қала әкімі атанды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ÐөкÑеÑÐ°Ñ ÒалаÑÑна жаңа ÓкÑм ÑаÒайÑндалдÑ

«Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімдері бойынша Ақмола облысы әкімінің ағымдағы жылғы 3 сәуірдегі өкімімен Амангелді Халауденұлы Смаилов қала әкімі болып тағайындалды», - делінеді хабарламада.

Амангелді Халауденұлы, 1962 жылы туған, Еңбек Қызыл Ту орденді Сібір автомобил жолы институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Омбы облысының Станический кеңшарында құрылыс цехының шебері болып бастаған.

1993-2011 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты, «Реал НГП» ЖШС директоры, «СК Ауыл Газ» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.
2011-2014 жылдары Көкшетау қаласы «ENKI» ЖШС директоры болып істеді. 
2014-2015 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды. 2015-2017 жылдары Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып істеді.
2018 жылдың қарашасынан бері - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары.
03 сәуір 2019 ж. 461 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 726

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031