» » Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында кадрлық ауыс-түйістер болды. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6-12 тамыз аралығында болған Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындауларға шолу ұсынады.

Апта басында Ақмола облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы болып Әсет Бүкібаев тағайындалды. Əсет Қайратұлы еңбек жолын 2003 жылы Көкшетау қалалық əкімдігі жанындағы туризм жəне спорт бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2005-2006 жылдар аралығында Көкшетау қалалық білім жəне спорт бөлімі болып қайта құрылған мемлекеттік мекемеде жетекші маман болып еңбек етті. 2006 жылдан 2008 жылға дейін қалалық денешынықтыру жəне спорт бөлімінің жетекші маманы болды. Одан кейін бір жыл «БТА банк» акционерлік қоғамында оператор қызметін атқарды. 2010- 2011 жылдары қалалық дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің бас маманы, 2011 жылдан облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасында бас маман, кейін бөлім басшысы болды. Ал, қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. 

***

 Бұл аптада Түркістан облыстық ішкі істер департаментінде де бірқатар тағайындаулар болды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы болып полиция майоры Құрманбек Сахов тағайындалды. Түркістан облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев басқарады. Түркістан облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына Сәкен Қожамұратов тағайындалды. *** Сонымен бірге, 7 тамыз күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Нұрлан Байұзақұлы 1963 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл ту институтын қытай және ағылшын тілдерін меңгерген офицер мамандығы бойынша үздік бітірген. 1996 жылы Қазақ сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол 1984-1985 жылдары Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды. 1986-1991 жылдары КСРО Қарулы Күштерінің қатарында қызмет еткен. 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі жанындағы сауда өкілдігінің аға сарапшысынан бастап, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Бейжің қаласындағы өкілдігінің басшысы, Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы сенімді уәкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болған. 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Корея Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды. 2014-2016 жылдары - ҚР Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, 2016 жылдан 2018 жылғы сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі болды. 2018 жылғы 4 сәуірдегі Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді.  

 *** 
Н. Ермекбаев қызмет еткен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Ерсайынұлы Шайхутдиновқа жүктелді. Марат Шайхутдинов 1959 жылы Ақмола облысында туған. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1984-1986 жылдары - Қазақстан Компартиясының Целиноград облысы Ерейментау аудандық комитетінің және Қазақстан Компартиясының Қарағанды қаласы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы болған. 1986-1990 жылдары - Қазақстан Компартиясының Қарағанды қалалық комитетінің нұсқаушысы, идеология бөлімінің меңгерушісі, 1990-1994 жылдары - ҚР Ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі жанындағы орталықтың кіші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры болып көтерілді. 1994-1997 жылдары - «Сары-Арқа» АӨК президенті, 1998-2000 жылдары - «Мирас» ЖАҚ президенті, 2000-2005 жылдары - Қазақстан-Ресей университетінің директоры, 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының бас инспекторы, 2006-2007 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болды. 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры, 2009-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып, 2015 жылғы  маусымда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
 
***

 Сәйкесінше, бұған дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды. Сәкен Әділханұлы 1957 жылы 25 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылында туған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1978), Мәскеу әскери академиясын (1990) бітірген.  1978-1987 жылдары Балтық бойы әскери округінде барлау взводы командирі, барлау ротасы командирі, жеке барлау батальоны штабының бастығы қызметтерін атқарған. 1990-1994 жылдары Алматы қаласындағы ауданның азаматтық қорғаныс штабы бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігі штабының барлау бөлімінде аға офицер, барлау басқармасының ғылыми-ақпарат бөлімінің бастығы, 1994-1996 жылдары Ресей Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы, 1996-2000 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, шұғыл жоспарлау департаментінің басшысы, армиялық корпус командирінің орынбасары, штаб бастығы болып жұмыс істеді. 2000 жылдан әскери құрама командирі. 2013 жылдың қаңтарынан бері ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының басшысы және 2016-2018 жылдары ҚР Қорғаныс министрі болды.

 ***

 8 тамыз күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Серғазы Бағдатұлы Омаш Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Серғазы Омаш 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (экономист), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (инженер) және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Фемида» заң академиясын (заңгер) тәмамдаған.  Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша Салық комитетінің ақпараттық қамтамасыз ету және есеп бөлімінде салық инспекторы ретінде бастаған. 2001-2009 жылдар аралығында Қарағанды қаласы байланыс және ақпараттандыру басқармасында, Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінде жұмыс істеген. 2009-2012 жылдары ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің астанадағы Ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының басшысы лауазымын атқарған. 2012-2013 жылдар аралығында - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.     

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментіне жаңа басшы келді. Бұл лауазымға Солтүстік Қазақстан облысындағы департаментті басқарған Нығмеджан Сапаров тағайындалды.         Нығмеджан Сапаров КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, ҚР ІІМ Академиясын «заңгер», «жергілікті және мемлекеттік басқару магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Благовещенск жоғары танктік командалық училищесінде қару-жарақ шебері болып бастаған. Түрлі жылдарда ішкі істер және қаржы полициясы органдарында, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің жедел қызмет департаментінде жұмыс істеді. Ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы лауазымын 2016 жылғы ақпаннан бастап атқарған. 

 *** 

9 тамыз күні Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында бірқатар лауазымдарға жаңа тұлғалар тағайындалды. Мемлекет басшысымен келісе отырып, Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұйрығына сәйкес, бас көлік прокуроры лауазымына Мақсат Дүйсенов тағайындалды.      М.К. Дүйсенов 1973 жылы туған. Оның тергеу саласында және басшылық лауазымда, оның ішінде ІІМ, Қаржы полициясы, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде тәжірибесі мол. Ол 2013-2014 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің сектор меңгерушісі, 2016-2018 жылдарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Бас әскери прокурордың орынбасары болды. «Құрмет» және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталған.   Сондай-ақ, Шымкент қаласының прокуроры болып Мақсат Қожабаев тағайындалды.      М.А. Қожабаев 1974 жылы туған. Прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Түрлі жылдары аудан прокуроры және Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы прокурорының орынбасары лауазымында болды. 2012-2017 жылдар аралығында Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. Түркістан облысы прокуроры лауазымына Нұрғалым Әбдіров, Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына Ерлан Абаев тағайындалды.   Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Прокуратура органдарында 1991 жылдан бастап еңбек етеді. Әр жылдары Қарағанды облысында аудан прокуроры, Астана мен Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында болды. 2009-2012 жылдары Бас прокуратураның бірқатар Департаменттерін басқарды. 2012-2017 жылдары аралығында Ақтөбе облысының прокуроры, 2017 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды. Ерлан Абаев 1969 жылы туған. Прокуратура органдарында 1992 жылдан бастап қызмет етеді. Павлодар облысы прокуратурасында аса маңызды істер бойынша тергеуші, Павлодар облысы Ертіс, Успен аудандарының прокуроры, Астана қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Басқарма бастығы болды. 2016 - 2017 жылдар аралығында Департамент бастығының орынбасары, Бас прокуратураның Департамент бастығы қызметтерін атқарды.  2018 жылдың шілде айынан Маңғыстау облысы прокуроры қызметін уақытша атқарды. Прокурорлардың барлығы облыс прокуроры лауазымына арналған Президенттік резервте тұрған.
12 тамыз 2018 ж. 977 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930