» » Елорданың кафе-барларында түнгі уақытта ішімдік сатуға тыйым салынбақ

Елорданың кафе-барларында түнгі уақытта ішімдік сатуға тыйым салынбақ

Елордада ойын-сауықтық орындарда сағат 23.00-ден 08.00-ге дейін спирттік ішімдіктерді сату шектеледі.


Мұндай ұсыныс Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігінің жиынында айтылды. Жиында қоғамдық тәртіпті нығайту және ойын-сауық орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі, азаматтардың бос уақытын өткізу орындару туралы айтылды, деп жазады Елорда Инфо.

«Қылмыс көбінесе ішімдік ішкеннен кейін болып жатады. Осыған байланысты мейрамханаларда, барларда, кафелерде алкоголь сатуды түнгі сағат 23.00-ден таңғы 08.00-ге дейін шектеу туралы ұсыныс жібердік», - деп хабарлады елордалық полиция бөлімінің жергілікті полиция басқармасының басшысы Госман Жакин.

«Темекі өнімдерін пайдалану талаптарын бұзғаны үшін 86 мекеме басшылары, заңды өкілдерінсіз түнгі ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 115 әкімшілік іс қозғалды», - деді Госман Жакин.

2018 жылдың қараша айынан бастап патрульдік қызмет принципі өзгерді. Автокөлік патрульдерінің басым бөлігі жаяу жүріп қызмет етеді. 

«Бұл көшеде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Сіздер байқаған боларсыздар, полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінің жанында кез-келген мереке және демалыс күндерінде кезекшілік етіп жүр», - деді полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімінің басшысы.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің айтуынша, жеке мекемелердің тәулік бойы жұмыс істеуі қылмыстық әрекеттердің болуына себепші. Әдетте, заң бұзушылықтар туралы хабарлардың басым бөлігі түнгі 00-00-ден таңғы 6-ға дейін түседі.

Жылдың басынан бері полиция қызметкерлеріне 3 мыңнан астам қоңырау түскен. Оның барлығы елордадағы көңіл көтеру орындарындағы тәртіп бұзушылыққа қатысты.

05 сәуір 2019 ж. 634 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30