» » Қызылордада жалған санитарлық кітапша жасау дерегі анықталды

Қызылордада жалған санитарлық кітапша жасау дерегі анықталды

Қызылорда облысында жалған мөр қойылған санитарлық кітапшаны әзірлеу дерегі анықталды.

Бұл бойынша жинақталған құжаттар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш дерек «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында жүргізілген мониторинг шарасы барысына анықталған. Жоба мүшелері облыс орталығындағы медициналық ұйымдарда. облыстың Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы аудандарындағы емханаларда қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізген.
«Мониторинг нәтижесімен жобалық топ мүшелері шынайылығы күмән тудыратын 50-ден астам №086 үлгісіндегі анықтамалар алынды. Аталған құжаттар бойынша, процессуалдық шешім қабылдау үшін олар полиция органдарына жолданды», - деді «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бағдат Ізкенов бұл бағытта атқарылатын жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.
«Облыста «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, тұрмыстық жемқорлықты жою мен оның алдын алу бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Жоба аясында азаматтардың күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты болатын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, сәулет, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, салық және құқық қорғау органдарында жоба бойынша жұмыстар жүргізілді», - деді Бағдат Ізкенов.
05 сәуір 2019 ж. 738 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031