» » Қызылорда облысында 33 адамды кене шаққан

Қызылорда облысында 33 адамды кене шаққан

Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін 33 адамды кене шаққан. Өткен жылмен салыстырғанда ол 2 есега артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары 6 мыңнан астам кенеге зертханалық тексеру жасаған. Зерттеу негізінде серопозитивті кенелер анықталған.
«Былтыр дәл осы уақытта 14 адамды кене шағу жағдайы тіркелген. Ол биыл 33 адамға жетті. Яғни, көрсеткіш 2,3 есеге жуық артты. Бұл көрсеткіш облыс бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екендігін көрсетеді. Жергілікті тұрғындар сақтықты ұмытпауы керек. Биыл 30 наурызда  Конго-Қырым геморрагиялық қанды безгегі ауруы күдігімен Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында бір жағдай тіркелген еді. Науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл бағытта тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен аталмыш диагноз расталмады», - деді облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Соңғы жылдарда кенеге байланысты қолайсыз елді мекендер саны артып кеткен. Биыл олардың саны 123 елді мекен болды. Бұрын мұндай ауылдар облыстың оңтүстігіндегі Жаңақорған, Шиелі аудандарында көрініс берсе, қазір ол барлық ауданда байқалады.   
Бүгінгі күндері Жаңақорған, Шиелі аудандарында кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру шаралары қолға алына бастады. Бұл бағытта өз деңгейінде жұмыстар жасалады деп жоспарланып отыр. 
07 сәуір 2019 ж. 737 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 781

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031