» » QAZAQSTAN ұлттық арнасына жаңа басшы тағайындалды

QAZAQSTAN ұлттық арнасына жаңа басшы тағайындалды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-на жаңа басшыны таныстырды.


"Бүгін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы – Ләззат Танысбайды таныстырдым. Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер" - деп жазды Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министрдің айтуына қарағанда, Ләззат Танысбай бұған дейін де абыройлы қызмет атқарған.

"Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Ал, бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін!" - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ-ын екі жылдан бері басқарған Ерлан Қарин Қазақастан Республикасы Президентінің кеңесшісі болған болатын.

08 сәуір 2019 ж. 639 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30