» » Тіл білгеннің көкжиегі кең

Тіл білгеннің көкжиегі кең

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылатын «Үштілділікті насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында тіл мамандары мен білім саласының қызметкерлерінен құралған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында көшпелі семинарлар-тренинг өткізді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, үштілділік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған семинарға жас мамандар мен мектеп ұстаздары қатысты.
Шара барысында облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева, №2 «Мұрагер» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Тебегенова, С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Шалғымбаева және Н.Ахмадиева атындағы №112 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ш.Адамбаева тақырып аясында баяндама жасады.
Семинар соңында ақпараттық топ мүшелері мектеп ұстаз­да­рының үштілділікті оқытуға қатысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, сауалдарға жауап берді.

"ЖЖ" ақпарат.
09 сәуір 2019 ж. 632 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930