» » 1 маусымнан бастап жалақысы төмен ақ халаттылардың еңбекақысы 30 пайызға өседі

1 маусымнан бастап жалақысы төмен ақ халаттылардың еңбекақысы 30 пайызға өседі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.
ФоÑо: ÐÒоÑда

Мемлекет басшысына азаматтардың денсаулығын нығайтуға, Қазақстандағы медициналық көмектің сапасын арттыруға және оның қол жетімділігіне қатысты қабылданған шаралар жөнінде есеп берілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жеткілікті қаражат бөлінетінін атап өтті. Бұл қаржыны оның тиімділігін арттыруға, ішкі ресурстарды жұмылдыруға және медицина қызметкерлерінің еңбекақысын өсіруге жұмсау қажеттігін айтты.

Елбасы мен Қазақстан президентінің тапсырмалары бойынша 2019 жылғы 1 маусымнан бастап жалақысы төмен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға артады.
ФоÑо: ÐÒоÑда

Елжан Біртанов мемлекет басшысына алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем сапасын арттыруға, дәрігерлердің жұмыс жүктемесін азайтуға, тұрғындардың скринингпен қамтылуын кеңейтуге, медициналық қызмет көрсету ісін цифрландыруға  және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру туралы жобаны жүзеге асыруға қатысты жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндады.

Соңында Қазақстан президенті халықаралық озық тәжірибені пайдалана отырып, отандық денсаулық сақтау саласын дамыту үшін алдағы уақытта тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.  
ФоÑо: ÐÒоÑда

kaz.nur.kz

10 сәуір 2019 ж. 1 032 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930