» » Мұхтар Тайжан президенттікке ұсынылды

Мұхтар Тайжан президенттікке ұсынылды

Мемлекет басшысы лауазымына алғашқы үміткердің кім екені белгілі болды. Ол қоғам белсендісі - Мұхтар Тайжан. Оның кандидатурасын ұсыну туралы бүгін Қазақстан ардагерлер одағында айтылды. 

ÐÒ±ÑÑÐ°Ñ Ð¢Ð°Ð¹Ð¶Ð°Ð½

Бұл туралы запастағы гвардия полковнигі Мұрат Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды

Оның айтуынша, қоғамдық бірлестікке кірмейтін адамды кандидат ретінде ұсыну - Конституцияның екінші бөліміне сай келеді. Әйткенмен одақтағылар нақты шешімнің кезекті жиналыс кезінде қабылданатынын айтты. 

Қоғам белсендісі өзінің ұсынылуына қатысты пікір білдірді. Ол ардагерлер одағына алғыс білдіре келе, заң бойынша сайлауға түсу мүмкіндігі аз екенін тілге тиек етті.

"Егер заң жүзінде рұқсат етілсе, сайлауға қатысар едім. Бірақ өкінішке қарай, мен 5 жыл мемлекеттік қызметте болған адам емеспін. Сол себепті мені кандидат ретінде тіркемейді. Жоғарғы жақпен ешқандай келісімім жоқ. Біздің бүгінгі заң осындай, оны өзгерту керек деп санаймын. 

Әйткенмен бүгінгі заң осы, оны айналып өте алмаймыз. Сондықтан да уақыт жоғалтпастан, ешқандай мәселе туғызбайтын басқа кандидатты таңдағандарыңыз дұрыс болар", - деп жазды Тайжан Facebook-тегі парақшасында. 

 Stan.kz. 

 
11 сәуір 2019 ж. 1 471 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 484

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031