» » КӘСІБИ БАҒДАР БЕРДІ

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРДІ

Аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті­ ұстаздарының қатысуымен "Білім алушылардың кәсіби бағдарлануы – бәсекеге қабілетті маман дайындау кепілі" атты мектеп түлектерімен кездесу жиыны өтті.
Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов модера­тор­лық жасап, білім саласын­дағы елеулі өзгерістер мен қол жеткізген жетіс­тік­терді айтты.
– Жоғарғы оқу орындары, арнаулы орта оқу орындары аудандарда кәсіби білім беру, оқу орны, оның тарихы туралы мектеп бітіруші түлектермен өңірлерде дәстүрлі түрде кездесу өткізуде. 2017-2018 оқу жылында 344 бітіруші болды. Оның ішінде, 334-і жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсті. Бұл жалпы бітірушілердің 97,1 пайызын құрайды. Біз мұны мақтанышпен айта аламыз. Бұл – облыстағы бірден-бір жоғары көрсеткіш. Жалпы, ұлттық бірыңғай тестілеуге 246 бітіруші қатысса, соның 189-ы мемлекеттік грант иеленіп, бұл – 76,8 пайызын құрады. Бұл да аудандар арасындағы ең жоғары көр­сет­кіштердің бірі. Соның ішінде, 22 бітірушіміз осы аталған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен грант иеленді. Қазіргі таңда ауданымыздан әр жылдары бітірген түлектердің 123-і аталған университетте білім алып жатқанын біз мақта­нышпен айта аламыз, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Жиын барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-ісі жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Айтмағанбет Үргенішбеков, экология және химия технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Ахатаев, тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы педагогика ғылымдарының кандидаты Назира Аймаханова, университеттің бизнес-инкубатор орталығының жетекшісі Жандос Оразмаханов, сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Ермұрат Каналхан мен 11 сынып оқушысы, 2018-2019 оқу жылында республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы Аружан Бақытжан және студент Динара Серікбекова хабарлама жасады.
Кездесуде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дайындайтын мамандықтар туралы, материалдық-техникалық базасы мен студенттерге арналған бағдарламалар жайында толық мәліметтер берілді. Сонымен бірге, түлектерге кешенді және ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға одан бөлек, құжаттарды қабылдауға байланысты өзгерістер туралы түсін­дірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп біті­рушілерге университет дайындайтын мамандықтар тізбесінен тұратын парақшалар мен жадынамалар таратылды.

"ЖЖ" ақпарат.
14 сәуір 2019 ж. 799 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930