» » Tалаптыға нұр жауар

Tалаптыға нұр жауар

Бұл өмірге шыр етіп келген әрбір пенденің өз жан сыры, талпынысы болады. Әр адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші...
Туа бітті өнерге деген талпыныс – бұл жақсы дүние. Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Осындай өнерге жаны жақын, аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы, мүмкіндігі шектеулі жан, нәзік сыры бар, Құралай Батырбекқызын айтуға болады.
Қолөнерші Құралай бос уақытында қолөнер бұйымдарын жасайды. Оларды моншақтан, иірілген жіптен, түрлі-түсті қағаздан, рожкиден құрастырады. Мұндай өнерді ол облыс оталығындағы 5 интернатта оқып жүргенінде еңбек пәнінің мұғалімі Қуанышкүл ұстазынан үйренген екен. Қазіргі кезде аспазшы, үгу терапиясы (массажист) мамандығын алған. Алдағы уақытта массаж кабинетін ашып, халыққа қызмет жасағысы келетінін айтады.
«Жастар жылы» аясында «Кітапхана және жастар:арман, тілек, үміт» жобасы бойынша Құралайдың қолөнер бұйымдарынан кітапхананың Коворкинг орталығына фотокөрме ұйымдастырылып қойылды. Онда­ғы мақсат – жастардың өнерін насихаттау, еңбекке баулу, өнерді инно­вациялық форматта көрсету.
Көрмені тамашалаушылар өнер­лі жастың қолынан шық­қан бұйымдарды көріп, ұйым­­дасты­ру­шыларға өз риза­шы­лықта­рын жет­кізді.

Раушан ҚАЛИЕВА,
аудандық кітапхана қызметкері.

13 сәуір 2019 ж. 739 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930