» » Мәйіттерді жер бетіне шығарады: Ақмола облысында еріген су зиратты шайып жатыр

Мәйіттерді жер бетіне шығарады: Ақмола облысында еріген су зиратты шайып жатыр

Елорда іргесінде ауылдармен қатар зиратты да су шайып кетті. Көлкіген судан көптеген қабірдің топырағы опырылып түскен. Зиратта жерленгендердің туыстары мәйіттер жер бетіне шығып қалуы мүмкін деп алаңдаулы.

ÐÓйÑÑÑеÑÐ´Ñ Ð¶ÐµÑ Ð±ÐµÑÑне ÑÑÒаÑадÑ: ÐÒмола облÑÑÑнда еÑÑген ÑÑ Ð·Ð¸ÑаÑÑÑ ÑайÑп жаÑÑÑ

Бұдан жұқпалы аурулар тарауы да ғажап емес дейді. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл құбылыс жылда қайталанады екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Еріген қар суынан қабірлердің арасында аяқ алып жүру мүмкін емес. Жергілікті тұрғындар мұнда ашық-шашық жерлерден төрт түлік емін-еркін кіріп су ішіп, жайылып жүретінін айтады. Сондықтан да одан ауру-сырқау, эпидемия тарай ма деп қауіптеніп отыр. 

Мұсылмандарға арналған зират сонау 1996 жылы салыныпты. Оған Құмарбектің отбасы шырақшы болып келген екен. Кейіннен қорым жекеменшік серіктестіктің қолына өткен. Ол саз батпақты жерге әуеліде зират салуды жоспарламау керек еді, дейді.  Себебі қалың қар көктемде ерігенде қорымды осылай су шайып кетеді екен. 

"Суды өткенде бір жырды. Жырғанда оған біздің қатысымыз жоқ қой. Жұмысшы болсақ, біз барып айта аламыз. Сүйтіп үлкен шұңқыр қазды. Ол дұрыс емес қой. Енді су кетпейді. Зираттың ішіне тарай береді",  дейді шырақшы. 

Алғашында 50 гектар аумаққа орналасуы керек болған зират қазір бір шақырым жерді ғана алып жатыр. Қабірлердің көпшілігі судың ішінде тұр.Ашық-шашық есігінен төрт-түлік өтіп келіп, мұнда жайылатыны көрініп тұр. Жақын жерде тұратын тұрғындар зиратты ретке келтіруге техникамыз жоқ дейді. 

"Есіктерін бұрап, жауып кетеміз. Бірақ жер бар, сваркалары да дұрыс жасамаған. Көбінесе шығып кетеді. Толық біреуге жауаптысың десе қарайтын еді ғой", - дейді тұрғын.

Өткен жылдан бастап, зират Байқоңыр әкімдігінің балансына өтіпті. Оған жауаптылар қорым жанынан арық қазып, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз дегенді айтты. Бірақ біз көрген мәселеге қатысты сұқбат беруден бас тартты. 

Ал «жағдайды бақылауда ұстап отырмыз» деп сендірген әкімдік өкілдері қар суы еріп бітті, енді зиратты су шаймайды дегенді меңзеді. Бірақ жергілікті тұрғындардың бұған сенгісі жоқ. Олар зират жанындағы топырақ пен судың сынамасын тиісті сала мамандарына тексерту қажет, дейді. Себебі мәйіт уы тараған судың қайда кетіп жатқаны белгісіз. 

stan.kz

16 сәуір 2019 ж. 475 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930