» » Қостанайда зират басында жайылып жүрген жылқылардың иесі жазаланды

Қостанайда зират басында жайылып жүрген жылқылардың иесі жазаланды

Қостанайда зират басында жайылып жүрген жылқылардың иесі жазаландыҚостанай облысының ауыл шаруашылық және ветеринарлық департаментінің қызметкерлері әуежай маңында жылқылар жайылып жүрген зиратты тексерді.

Бұл туралы Alau.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Зиратты тексеру нәтижесінде Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің қызметкерлері жылқылардың қожайынын да тапты. Ол зираттың жанында орналасқан шаруа қожалығының иесі екен.
«Жануар иесі ҚР 505-бабын бұзғаны, яғни «қаланың және елді мекендердің аумағын жақсартуды, сондай-ақ инфрақұрылымның бұзылуы, қаланың және елді мекендердің көгалдануының жойылуына және бүлінуіне әкелгені» үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 72 мың 150 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс», – деді Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшының орынбасары Арман Ахметқали.
Әуежай ауданындағы зиратқа «Стикс 2012» ЖШС қызмет көрсетеді екен. Оларға осы аумаққа жануарлардың  кіріп кетпеуін қадағалап, күзет қызметін күшейту тапсырылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай тұрғындары зират  басында жылқылардың жайылып жүргеніне шағымданған.

stan.kz
08 сәуір 2018 ж. 1 169 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 259

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031