» » Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына түспек

Мэлс Елеусізов үшінші рет президент сайлауына түспек

ÒазаÒÑÑандаÒÑ Ð¿ÑÐµÐ·Ð¸Ð´ÐµÐ½Ñ ÑайлаÑ: ÐÑÐ»Ñ ÐлеÑÑÑзов Ò¯ÑÑнÑÑ ÑÐµÑ Ð±Ð°ÒÑн ÑÑнап көÑмекÑÑ

Мэлс Елеусізов орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын өткізу үшін Алматыдан Нұр-Сұлтанға арнайы барған. Ол сайлауға өзі басшылық ететін қоғамдық ұйымның атынан түспек.

"Табиғат" экологиялық одағының төрағасы саяси науқанды пайдаланып, экологияның өзекті мәселелерін көтермекші.

Оның айтуынша, әлемдік климат жарты градусқа жылып кеткен. Су тасқындарының көбеюі, жыл сайын қайталануы соның әсері дейді.

Өзі басқаратын ұйымның мәртебесін арттыру үшін алдағы уақытта партия құрып, парламент сайлауына да қатыспақшы.

Ал осы жолы президенттікке үміткер ретінде тіркеле алмай қалғанның өзінде үгіт-насихат шараларын тоқтатпайтынын айтып отыр.

"Бұған дейін сайлауға екі рет қатыстым. 30 жыл осы экология мәселелерін көтеріп жүрмін. Сондықтан көп адам мені біледі. Көп адамның маған көңілі жылы. Бірақ мені кандидат ретінде өткізбесе де әрі қарай жұмыс істеймін", - дейді Мэлс Елеусізов.


kaz.nur.kz

17 сәуір 2019 ж. 491 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 049

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30