Өгей анасынан жәбір көрген үш қыз: Әкесінің теріс діни ағым ұстанатыны белгілі болды
Түркістан облысында өгей анасынан жәбір көрген үш қыздың әкесі теріс ағым жетегінде кеткен.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Үш қыздың әкесі деструктивті діни ағымда. Қазіргі уақытта өгей ана жауапқа тартылуда. Оған қатысты "Азаптау", "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау" бабы бойынша тергеу жүруде. Іс толықтай ІІМ және облыстық прокуратураның бақылауында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады.
Өгей ананың қыздарды жазалайтыны туралы жоспар жазған қойын дәптері табылған еді. Одан өзге де айғақ заттар анықталды.
stan.kz