» » ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

«Сыр алаңы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен кент орталығындағы №13 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Деструктивті діни идеологиялардың алдын алу» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Жиынға модераторлық жасаған аудандық ішкі сая­­сат бөлімінің бас маманы Нұрлан Амандық басқосудың маңыздылығын атап, жастарды жат ағымнан аулақ болуға шақырды.
Мұнан кейін облыстық ақпа­рат­­­тық түсіндіру тобының мү­ше­сі, қалалық «Мүсірәлі баба» ме­­шітінің бас имамы Әлішер Ақбаев та жастарға кеңесін бер­ді. Ол өз сөзінде қазіргі жас­тар­ды жат ағымға тартушылар үшін әлеуметтік желі оңай қару екенін атап өтіп, өзіміздің дәстүрлі діні­­мізді тек мешіт имамдарынан үй­ре­­ну қажеттігін ескертті.
Бас имамның бұлай деуінің жөні бар. Осыған дейін жат ағым­ның жетегінде кеткендермен жүр­гізілген профилактикалық жеке кез­десу барысында олардың басым бөлігінің әлеуметтік желі ар­қылы арбалғаны анықталған. Сон­дықтан, жастардың түрлі желі ар­қылы уағыздар тыңдап ізде­нуінен олардың барлық бағыт­ты ме­шіт имамынан алғаны абзал.
Басқосуда теріс діни ағымды ұстанудың арғы жағы жарға жығатыны айтылып, жастарға мол мағлұмат берілді. Сондай-ақ, ондай топ мүшелерінің қазақтың дәстүрін мойындамайтыны да айтылды.

Е.СОЗАҚБАЕВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).
09 сәуір 2019 ж. 612 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930