» » “Ұлт тағдыры” қозғалысы президенттікке Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынды

“Ұлт тағдыры” қозғалысы президенттікке Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынды

Бүгін Алматыдағы “Қаз жол” қонақ үйінде “Ұлт тағдыры” Қозғалысы” ұлттық-патриоттық бірлестік” қоғамдық бірлестігінің құрылтайы Қазақстан президенттігіне Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлады BAQ. KZ тілшісі.
Жиын барысында “Ұлт тағдыры” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дос Көшім құрылтай биылғы президент сайлауына қоғамдық бірлестік атынан кандидат ұсыну мәселесі қалып, Әміржан Қосановтың кандидатурсын ұсынғандықтарын жеткізді.
“Дос Көшім мырза басқарып келе жатқан “Ұлт тағдыры” қозғалысы маған сенім артып,  президенттікке менің кандидатурамды ұсынғанына рахмет айтамын. Мен,  саясатқа бүгін келгенім жоқ. 1990 жылдары мемлекеттік қызметтен кеткелі осы бағытта жүрмін. Егер президент болып сайланып жатсам қоғамдық демократияны нығайтуға күш салар едім”, - деді Әміржан Қосанов.
Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы 1964 жылы 13 мамырда Қызылорда облысы Арал ауданының Сапақ ауылында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алған.
1989 жылы университетті бітірген соң “Социалистік Қазақстан” газетінде тілші болып қызмет атқарған. 1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет атқарған.
26 сәуір 2019 ж. 581 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930