» » АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

"Бір ел – бір кітап" акциясына орай Таң ауылындағы кітапханада Әбділда Тәжібаев шығармашы­лығынан "Тыңда менің сөзімді, тыңда, халқым" атты аудандық байқау өтті.
"Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру" бағдарламалық мақала­сынан туындаған міндеттерді орындау ая­сында аудандық кітапхананың ұйым­­­дастыруымен ақын, драматург, Сыр елінің мақтанышы Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына ар­налған байқауды ауыл әкімі Әліби Байнахатов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға барлық ауылдардан келген оқушылар қатысты. Талапкерлер байқау ережесіне сәйкес қазақ ақыны, драматург, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаев­тың «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес» атты көптеген еңбектерінен және «Өлең және поэзия», «Қазақ драмасының туылуы және қалып­тасуы» тақырыбындағы монография­­ларынан үзінді оқыды.
Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахналық және оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мәдениетіне баса назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен №203 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бекарыс Өмірбек жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал, ІІ орын №118 орта мектептің оқушысы Айдана Бекболатқызына бұйырса, ІІІ орынды №232 орта мектептің оқушысы Зере Дастанбек иеленді. Қалған талапкерлер "Алғыс хаттармен" марапатталып, түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

27 сәуір 2019 ж. 863 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 666

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30