» » » ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Тәрбие – тал бесіктен» атты бесік жырын айтудан аудандық аналар байқауы өтті. Сайысқа 25-40 жас аралығындағы 11 ана қатысты.
Шараны «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің  төрайымы  Ә.Мадиева ашып, өнер көрсетушілерге сәттілік тіледі. Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар 4 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Ақсулық Г.Жүсіпова, М.Шәменов ауылынан келген Г.Мырзалиева таныстыру сәтінде өздері дайындаған видео-роликтерін көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Барлығы да ережеге сай үздік өнер көрсетуге тырысты.
Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі I орынды Бұқарбай батыр ауылынан келген Б.Болысбекқызы жеңіп алды. Ал, келесі орынды ақсулық Г.Жусупова иеленсе, III орын Г.Мырзалиеваға бұйырды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Даша КОЖАКУЛОВА,
аудандық әйелдер кеңесінің хатшысы.

10 шілде 2018 ж. 2 360 0