» » АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Орталық стадионда II аудандық әйелдер спартакиадасы өтті. Спорттық шараға кент, ауыл округтерінен 20 команда қатысып, 100-ге жуық қыз-келіншек спорттың бірнеше түрі бойынша бақ сынады. Спартакиаданы аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Мұнан соң, бас төреші Мұрат Жаңабергенов сайыс ережесімен таныстырып, сайыс бірнеше кезең бойынша өткізілетінін жеткізді.
Таң азанмен басталған шара тартысты өтті. Барлық командалар да өз мықтылығын дәлелдеп, бірінен-бірі оза шабуға тырысты. Алайда, ақтық сынға дейін үздік өнер көрсеткен қаракеткендік қыз-келіншектер І орынды қанжығасына байлады. Ал, келесі орынды орталық аурухана командасы иеленсе, жүлделі III орын Ақсу ауылдық округінен келген спортшыларға бұйырды.
Спартакиада жеңімпаздары «Дипломдармен» марапатталып, қаржылай сый-құрметке ие болды. Шара соңында флешмоб ұйымдастырылып, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.

Даша ҚОЖАҚҰЛОВА,
Жалағаш аудандық әйелдер
кеңесінің хатшысы.
03 шілде 2018 ж. 1 733 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 919

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31