КЕЛІНІ ЖАҚСЫ ҮЙДІҢ КЕРЕГЕСІ АЛТЫН
Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда. Келіні жақсы үйдің керегесі алтын. Осы сөздердің төркінінде терең мән жатыр. Өйткені, шаңырақтың беріктігі, отбасындағы ынтымақ, бардың бағасын білу, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу – бәрі ардақты аналардың, ибалы келіндердің бойындағы асыл қасиеттерімен астасып жатса керек.
Жуырда «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» тақырыбында келіндер байқауы өтті. Оған аудандағы он саусағынан өнер тамған, салт-дәстүрлерді бойына жиып өскен, инабатты, ибалы 14 үміткер қатысты. Жастарды ұлтжандылыққа баулып, ата-бабамыздан қалған бай мұрамызды жаңғырту, зерделі, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан тұрғындары куә болды.
Байқауды аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашты.
– Бүгінгі байқаудың өзіндік ерекшелігі мол. Себебі, қазақ халқы қашаннан отбасының беріктігіне, мызғымас бірлігіне ерекше мән берген. Мемлекетті отбасы құрайды десек, осы шаңырақтың алтын діңгегі, ұйытқысы әйелдер қауымы. Ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты – қазақтың келіндері қандай болған, қандай болуы керектігін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру. Сондай-ақ, өнегелі, ибалы қалпымен ата-енеге аянбай қызмет жасап, баланың бағбаны болып жүрген тәрбиелі келіндерді көпке үлгі ету. Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан айтулы шара қазақ келіндерінің мәртебесін көтеріп, абыройын одан әрі биіктете түседі деп сенеміз. Ұлыстың ұлы күнінде барлық салтымыз бен ғұрыптарымыз ұлықталады десек, осы байқау барысында да көптеген ұлттық ерекшеліктеріміз жаңғыратын болады. Үміткерлерге барынша қолдау көрсетіп, сайыста сәттілік тілейміз, – деді аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтбайұлы.
Байқауда 2017 жылы өткен облыстық «Мерейлі отбасы» сайысының ІІІ орын иегері, әділқазылар мүшесінің төрайымы Б.Арысбаева, Елбасының «Құрмет» грамотасының иегері, 43 жыл білім саласында еңбек еткен ұлағатты ұстаз М.Тұңғышмұратова, ҚР Мәдениет қайраткері, мәдениет саласының ардагері Р.Боранбаева, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын А.Орынбаева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Құрманаевалар қазылық етті. Сайыс барысында қатысушылар өз ауылының мақтаулы келіні екенін дәлелдеп, жеңімпаз атану үшін 4 кезең бойынша сайысқа түсіп, білім мен біліктерін, өнерлерін ортаға салды. Ең алдымен үміткерлер өздерін таныстырып өтті. Мұнан соң, өнерлі екенін көрсетіп, бірі ән айтты, бірі мың бұрала би билеп, енді бірі қолөнер бұйымдарын ұсынып, жиылған көпшіліктің, әділқазылардың көңілінен шығуға мейлінше тырысты. Байқаудың ІІІ кезеңі бойынша келіндер баланы бесікке бөлеудің қыр-сырын көрсетіп, «Бесік жырын» айтты. Бұл кезеңде үміткерлердің ептілігі, аналық мейірімі, балаға деген жауапкершілігі көрініп тұрды. Соңғы кезең – ас мәзірі. Мұнда үлгілі келіндер ұлттық тағамдардың ішіндегі ұмытылып бара жатқан немесе мүлде ұмыт қалған түрлерін әзірлеп қазыларға ұсынды.
Қатысушылар әр кезеңде тапқырлығы мен біліктілігіне, көрсеткен өнеріне қарай әділ бағасын алып, марапат төрінен көрінді. Нәтижесінде, аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Ж.Ешимова «Бас жүлдені» жеңіп алды. Ал, І орынды М.Шәменов ауылынан қатысқан Г.Мырзалиева, ІІ орынды Ақсу ауылынан қатысқан А.Искакова, ІІІ орынды Аққұм ауылынан келген Б.Кәрібаева иеленді. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған «Алғыс хаттар» мен түрлі дәрежедегі дипломдар табыс етіліп, бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Айта кету керек, жиылған жұрттың қошеметі мен ыстық ықыласына қарап шараның жоғары деңгейде өткенін байқадық. Үлкендер инабатты келіндердің сабырлы қалпына, өнеріне тәнті болып ақ батасын берсе, жастар жағы қазақы келіннің бойында болу керек асыл қасиеттердің бәрін ойына түйді.
Н.АЛМАСҚЫЗЫ,
М.ТАБЫСБЕКҰЛЫ (сурет).