» » Ана деген асыл ғой

Ана деген асыл ғой

Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да перзенттік парызыңды өтей алмайсың. Бұл сөздің астарында «ана» деген асыл аттың құдіреті жатқандай. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкелген, түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін берген, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген ардақты аналарға жылдың бір күнінде ғана емес, әр күн сайын құрмет көрсетсек те артықтық етпейді.

Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі де тек аналармен ажарлы емес пе!? 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудан аналары ерекше құрметке бөленді. Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақжол» мейрамханасында гүл көктемнің ең жүрекке жылы мейірімді мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев пен кент ардагерлер төрағасы Біржан Көштаев және жастық жігерін, қажыр қайратын еліміздің өсіп өркендеуіне арнаған, бүгінде сол бейнеттің зейнетін көріп отырған ардақты ардагер, "Батыр аналар" қатысты. Іс-шарада аудан əкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов айтулы мерекенің маңыздылығына тоқталып, алтын құрсақты батыр аналарға ыстық лебізін білдірді. Жер бетінде тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақталған шағынан ізгіліктің дəнін сепкен аналарды мерейлі мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаевтар шараға қатысушы әзиз әжелерді, ардақты аналарды, ару қыз-келіншектерді мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Өз кезегінде аудан дамуына ерекше үлес қосқан, ғазиз ғұмырында сүбелі еңбек еткен бірқатар аналар кешті ұйымдастырушыларға жүрекжарды тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Кеш соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының алтын құрсақты аналарға арнаған əн-жырдан шашу шашып, сый-құрметтерін көрсетті. Ардагер аналарға гүл шоқтары беріліп, сыйлықтар табыс етілді.
Н.АЛМАС.


17 наурыз 2018 ж. 1 329 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031