» » 6 адам көз жұмып, 8-і жарақаттанды: ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

6 адам көз жұмып, 8-і жарақаттанды: ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

ШҚО-да Семей қаласы мен Қарауыл аулының арасында жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан 6 адам көз жұмып, тағы 8-і жарақаттанған.

6 адам көз жұмÑп, 8-Ñ Ð¶Ð°ÑаÒаÑÑандÑ: ШÒÐ-да жанÑÒ¯ÑÑÑгеÑлÑк жол апаÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі yk.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Портал мәліметінше, Lada Priora және Toyota Corolla көліктері соқтығысып қалған. «Приора» көлігін әйел адам тізгіндеген. Көлік салонында 8 жолаушы, оның ішінде 4 бала болыпты. Ал «Тойота» көлігінде 5 адам отырған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, «Тойота» көлігінің 47 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Приорамен» соқтығысқан. 
Апат салдарынан 14 адамның бәрі зардап шеккен. Алған жарақатының салдарынан «Приорадағы» 3 адам, оның ішінде 2018 жылғы сәби және «Тойота» көлігіндегі 3 адам көз жұмған. Қалғандары ауруханаға жеткізілді. 

29 сәуір 2019 ж. 682 0