» » ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – көп түйткілдің шешімі

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – көп түйткілдің шешімі

Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте "Сыр алаңы" қоғамдық қоры және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл имамдарына Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Phd докторы Асқар Әкімxановтың қатысуымен үш күндік семинар өтті.
Семинар барысында ауыл имамдары діни сауаттарын одан әрі жетілдіріп, біліктілігін арттырды. Дін қызметкерлерінің діттегені – халықты ізгілікке үгіттеу, жас­тарды имандылыққа ұйыстыру жолын жандандыру.
Басқосуға қатысқан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Phd докторы Асқар Әкімxанов қазіргі таңдағы әлемдегі діни ахуалға тоқталып, дәстүрлі дініміздің қадір-қасиетін айтты. «Діннің діттегені – бүлік емес, бірлік» екенін тілге тиек еткен ол сауапты істерді молынан жасауға, ауыл имамдарына діни сауаттарын одан әрі жетілдіріп отыруға шақырды.
Бірнеше күнге созылған семинарда А.Әкімxан діни қызмет­керлердің сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.

03 мамыр 2019 ж. 544 0