» » 80-қабаттан жоғары тұратындар қалай ауыз бекітеді - Ораза жайлы деректер

80-қабаттан жоғары тұратындар қалай ауыз бекітеді - Ораза жайлы деректер

ФоÑо: dumrt.ru


Биыл Рамазан айы 6 мамыр мен 4 маусым аралығында өтеді. Қазақстандықтар ораза кезінде биыл тәулігіне 16 сағатқа жуық ауыз бекітеді. Бүгінге дейін исламдағы басты мерекелердің бірі жайлы түрлі деректер тіркелген. Тengrinews.kz тілшісі Рамазан айы туралы ең қызықты деректерді топтастырды.  

1. "Рамазан" сөзі араб тілінен аударғанда "ыстық", "өртейтін", "қапырық" деген сөздерді білдіреді. Кей нұсқалар бойынша, қасиетті айға мұндай атау адамның ораза кезіндегі жағдайына байланысты берілген. 

2. Кей елдерде Рамазан уақытында ораза ұстамау құқықбұзушылық болып саналады. Оларда оразаны бұзу - қылмыс, ол үшін айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмысқа жегіледі.

3. Ораза ұстау уақыты әр елде әртүрлі. Жердің оңтүстік жарты шарында орналасқан елдерде ауыз бекітетін уақыт айтарлықтай аз. Мысалы, биыл Аустралиядағы Сидней тұрғындары оразаны 12 сағат ұстайды. Ал исландиялық Рейкьявик тұрғындары 18 сағат бойы аузын берік ұстауы тиіс. Оразаның соңына қарай бұл қала тұрғындарының ораза ұстау уақыты бір сағатқа артады. Үш-төрт жыл бұрын Рамазан айы жаздың ортасына тұспа-тұс келгенде Рейкьявик, Швеция мен Норвегияның кей қалаларында халық оразаны 22 сағат ұстаған.

4. Биыл оразаның басым бөлігі көктемде өтеді, мұсылмандар жаздың төрт күнінде ғана ораза ұстайды. Енді жаздың аптап ыстығында ораза ұстайтын уақыт 2047 жылы ғана келеді. Ал 2031 жылы Рамазан айы желтоқсанда өтеді. 5. Индонезияда Рамазан айы ерекше өтеді. Мысалы, ораза қарсаңында мұсылмандарға бес күн демалыс беріледі. Бір ай бойы елде түнгі клубтар жабылады. Бұл айда жұмыс уақыты қысқарып, мектептерде де демалыс жиі болады. 

6. Бурдж-Халифа - әлемдегі ең биік ғимарат. Оның биіктігі - 828 метр. Бұл үйдің ең жоғарғы қабаттарында тұратындар күнді басқа тұрғындарға қарағанда бірнеше минутқа ерте көреді. Сондықтан, БАӘ-дегі ислам істеріне қатысты департамент бұл жағдайды былай шешті: 150-қабаттан биік тұратын тұрғындар оразаны белгіленген уақыттан үш минутқа кеш аяқтауы тиіс. Ал 80 мен 149-қабаттарда тұратындар екі минутқа кеш аяқтайды. Одан төмендер оразаны кесте бойынша ұстайды.

7. Гарвард институтының ғалымдары Филипе Кампанте мен Давид Янагизава-Дротт 32 мұсылман елінің мәліметтерін жинап, қызықты нәтиже шығарды: егер Рамазан уақыты бір сағатқа қырқарса, елдегі экономикалық өсім қарқыны 0,6-0,9%-ға өседі. Ал егер ораза уақыты ұзағырақ болса, экономика өсімі де баяулайды.


8. Дәрігерлердің айтуынша, Ораза айы денсаулыққа пайда алып келеді. Мысалы, ауыз бекіту қандағы холестерин мөлшерін азайтады, ағзадағы қанттың мөлшерін, асқазан сөлінің қышқылдылығын реттейді, жүректің ишемиялық ауруларының, асқазан-ішек ауруларының алдын алады. Сондай-ақ, қан қысымын қалыпқа келтіріп, түрлі ісік ауруларынан қорғайды.  

9. Рамазан айына қатысты оқиғалар Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Мысалы, 2013 жылы 20 шілдеде БАӘ-дегі Шарджа қаласында ауыз ашуға арналған ең үлкен дастархан жайылды. Үстелдің ұзындығы 600 метр болған. Мұндай рекордты орнату үшін әмірліктің билігі 400-500 мың дирхам жұмсаған.

Тengrinews.kz
03 мамыр 2019 ж. 718 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930