Төреғалидың атымен ИІС СУ шықты "ҰЛЫ ДАЛА ИІСІ"
Ұлы дала баласысның атым ен хош иісті парфюм жарыққа шықты.
Жақында ғана төртінші рет әке атанып, ұлан асыр той жасаған әнші Төреғали Төреәлі елді басқа жаңалығымен қуантты. Ұлы дала баласының атымен "TORESH" атты иіс су шығып, ол сатылымға жөнелтіліп үлгерді. Бұл жаңалығымен Төреғали инстаграмдағы өз парақшасында бөлісті деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.
"TORESH" атты ерекше хош иістің ашылу салтанаты сәуір айының соңғы күндері өткен. Әншінің айтуынша, қолға алған бастамаларына Алаштың абызы Асанәлі Әшімов ақ батасын беріп, лентасын қиды.
"Ассалаумағалейкум ардақты ағайын! Сәуір айының 30-шы жұлдызында, Алланың қалауымен Алаштың абызы, Қазақ театрының корифейі Асанәлі Әшімов атамыздың ақ батасын алып, "TORESH" атты парфюмның ашылу салтанатын өткіздік. "TORESH"-ті сеуіп шалқып, иісіне балқып, жүрмейсіңбе досым, Ұлы Дала иісі аңқып!
Бұл ғажйып хош иісті дүкендерден ала аласыздар", - деп өз жазбасын қалдырды. Төлеповтардың кезекті қуанышына ел де қосыла қуанып, өз құттықтауларын арнап жатыр. Десе де, аталған иіс судың қарапайым халықтың қалтасына қонымды, бағасы қолжетімді болғанын қалайтындарын айтқандар да кездесті. «Болды міндетті түрде аламыз! Сеуіп алып Ұлы дала иісі боп жүрмейміз бе. Жарайсың Ақ төреш», «Қуаныштымыз Төреш істеген ісің биіктен көрінсін. АЛҒА ҚАЗАҒЫМ», «Төреғали балам жаңадан бастап жатқан бастауың құтты болсын!!! Сәттілік берекелі оң болсын.», «Ол духига біздің ақшамыз жете ме екен ала аламыз ба?», « Бағасы карапайым халык алып колданатындай колжетімді ме? Соны айтсаңызшы, бірінші. Елдің бәрінің ойында осы сурак кой», - деп пікірлерін білдіріп жатыр әншінің оқырмандары.
ERNUR.KZ