» » Ғалымдар тауық етін пайдаланар алдында жуу қауіпті екенін анықтады

Ғалымдар тауық етін пайдаланар алдында жуу қауіпті екенін анықтады

© ÐаÑÑÑоном


АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары бірлестігінің мамандарының айтуынша, тауық етін жуу кезінде оның сөліндегі бактериялар ас үй жабдықтарына тап болып, артынша адам ағзасына түсуі мүмкін, - деп хабарлайды ATPress.

Тауық етінде сальмонеллёз және кампилобактериозды тасымалдаушылар болуы мүмкін. Өз кезегінде олар адамның тамақтан улануына алып келуі ықтимал. Сондықтан ғалымдар тауық етін жуудың қажеті жоқ екенін айтады. Оны дұрыстап пісірудің өзі жеткілікті екен. 

Сонымен қатар, ғалымдар тауық етін турау үшін жеке тақташа арнауға кеңес береді. Ал тауық етін сақтау үшін оны бір реттік қолданысқа арналған пакетке салып, мұздатқышқа салып қою керек. 

Ал ресейлік терапевт дәрігерлер шетелдік ғалымдардың мәлімдемесін жоққа шығарып отыр. "Пятый канал" арнасының мәліметінше, дәрігерлер тауық етін жуу керектігін айтқан. Әйтпесе, бактериялардан арылу мүмкін емес дейді олар.

kaz.tengrinews.kz
08 мамыр 2019 ж. 657 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930