» » Жас кәсіпкер ауылдастарына жұмыртқа мен тауық балапанын тегін үлестірді

Жас кәсіпкер ауылдастарына жұмыртқа мен тауық балапанын тегін үлестірді

Тегін жұмыртқа мен тауық таратқан Қызылорда облысы Сүттіқұдық ауылының 26 жастағы тұрғыны.

ÐÐ°Ñ ÐºÓÑÑÐ¿ÐºÐµÑ Ð°ÑÑлдаÑÑаÑÑна жұмÑÑÑÒа мен ÑаÑÑÒ Ð±Ð°Ð»Ð°Ð¿Ð°Ð½Ñн ÑегÑн үлеÑÑÑÑдÑ


ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жас кәсіпкер Нұрәділ Сабыр ауылдастарына 500 жұмыртқа мен 120 балапанды тегін үлестірді, деп жазады 24.kz.

Ол мұндай мүмкіндікке «Jas Project» жобасы аясында қол жеткізді. Сүттіқұдық ауылының 26 жастағы тұрғыны құс шаруашылығы бағытындағы жобасын қайтарымсыз грант байқауына ұсынған. Осылайша 1 миллион теңге қаржылай қолдауға ие болған ол алдымен тауық қора салып, 500 жұмыртқаға арналған инкубатор аппараты мен 50 тауық сатып алған. Өзінің әлеуметтік бизнес жобасында ол ауылдағы 8 отбасына 4 ай көлемінде жұмыртқа мен балапанды тегін үлестіруге міндеттелген. Осы шартты толық орындаған ол алдағы уақытта өз кәсібін одан әрі дамытуды көздеп отыр.

"Баяғыда бала кезден біздің ауылымызда әр үйде кем дегенде 10 шақты тауықтан болатын. Кейін ауылда тауық асыраушылар азайып кетті. Тауық көрмейтін болдық. Өзім осы жоба аясында құс шаруашылығын неге дамытпасқа деп ойланып жүргенмін. Jas Project арқасында өзім осы жобаны қолға алдым"- дейді Нұрәділ Сабыр, Сүттіқұдық ауылының тұрғыны.

ERNUR.KZ
22 сәуір 2019 ж. 948 0