Жарқын жоба жемісі
Сүт өнімдерін өңдеуді қолға алған Ақсу ауылының тұрғыны Раушан Жиенбаева тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін өнім ұсынып, олардың әлеуметтік жағдайын көтеруге атсалысуда.
«Zhas Project» бағдарламасы аясында өз жұмысын бастаған белсенді жас жоба арқылы жеңіп алған қаржыға екі бұзаулы сиыр алып, бүгінде жұмысын бастап кетті. Қазіргі таңда жеңімпаз сүт, айран, құрт, май секілді тағамдарды халықтың осал топтарына үлестіріп отыр. Топ мүшелері өңделген өнімдерді 15 адамға таратып, игі істерін жүзеге асыруда.
Топ құрамында көшбасшымен бірге Фариза Әсембекова, Перизат Депсалиева да бар.
– Бұл жобаның мақсатын, маңызын түсініп, қатысуға бел будық. Үш адам топтасып жоба ұсындық. Міне, бүгінгі таңда грант иегері атанып, жұмысымызды бастадық. Біздің мақсатымыз – өңірдегі тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, қарттарға, жетімдерге, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу. Алты ай мерзімде 70-80 адамды сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарладық. Алдағы уақытта тағы да бір бас бұзаулы сиыр алу ойда бар, – дейді топ көшбасшысы Раушан Жансейітқызы.
Айта кеткен жөн, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асырылып отыр. Бағдарлама аясында Жалағаш жастары ұсынған 300-ге жуық жобаның ішінен 75-і тіркеліп, 26 жоба қолдау тапты. Бүгінде жоба жеңімпаздары өз кәсіптерін бастап, халыққа сапалы қызмет көрсетуде.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ.