» » ӘЛЕУМЕТТІК ШАШТАРАЗ әлеуметке қызмет етеді

ӘЛЕУМЕТТІК ШАШТАРАЗ әлеуметке қызмет етеді

Елімізде әлеуметтік саясатты жүргізу мақсатында ауқымды жобалар атқарылуда. Соның бірі – жастарға, әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған ел тұрғындарын қолдауға бағытталған «Zhas Project» жобасы.

Жобаның мақсаты – жастарды әлеуметтендіру, аз қамтылған халық тобын қоғамдық пайдалы істерге ынталандыру. Бұл бағдарлама аясында биылғы жылы ауданымызда көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Жоба жеңімпазы өз жұмысын бастап, халықтың әлеуметтік маңызы бар топтарына тегін қызмет көрсете бастады. Соның бірі – жақында ашылған әлеуметтік шаштараз қызметі. Жоба жеңімпазы Нұргүл Сүйінтайдың айтуынша, әлеуметтік шаштараз өңіріміздегі тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, қарттарға, жетімдерге, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға алты ай бойы ақысыз қызмет ететін болады. Бүгінде топ мүшелері қажетті орынды, құрал-жабдықтарды алып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге кіріскен. Жоба жеңімпаздарының жұмысы ширақ, алға қойған мақсаттары айқын. Алғашқы күндері-ақ бірнеше адамды қамтыған кәсіп иелері мұнымен тоқтамақ емес.
Айта кетейік, бағдарлама аясында қатысушылар үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы әлеуметтік жобаларын іске асырады. Сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақыларына байланысты жоғары оқу орнының түлектері 60 000, қалған қатысушылар 40 000 теңге алады. Бұл жылы Жалағаш жастары ұсынған «Zhas project» жобасына қатысқан 300-ге жуық жобаның ішінен 75 жоба тіркеліп, 26 жоба қолдау тапты.

Нұр НАУАН,
М.АХМЕТОВ (сурет).


23 қазан 2018 ж. 1 603 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930