» » ТІГІНШІ ҚЫЗДАРДЫҢ ТАБЫСЫ

ТІГІНШІ ҚЫЗДАРДЫҢ ТАБЫСЫ



«Zhas project» – жастарға арналған бірегей бағдарлама. Жоба шеңберінде жастарға өз кәсіби және көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге, оған қоса халыққа пайдалы әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Биылғы жоба да жалағаштық жастар үшін кәсіп көзін бастауға үлкен мүмкіндік болды.

Бағдарлама аясында 26 жоба қолдау тапты. Бірі ғылым мен техникаға бетбұрса, бірі салауатты өмір салтын ұстануды жөн көріп спорттық зал ашуды қолға алды. Енді бірі өнер үйірмесін ашып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға атсалыспақ. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – кент орталығынан шағын тігін цехын ашқан Рабиға Үсенова. Бүгінде жұмысын иіріп әкеткен топ мүшелері алғашқы бұйымдарын тегін үлестіріп те үлгерді. Қарттар күні мерекесі қарсаңында талай жыл ауданда құрылыс инженері қызметін атқарған зейнеткер Шәріп Қабылбаевтың шаңырағына бас сұғып, мерекемен құттықтап, тұрмыстық төсек жабдықтарын табыстады. Қариямен азын-аулақ әңгімелесіп, жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаның маңыздылығын айтып, соның арқасында кәсіптерін бастауға мол мүмкіндік туғанын жеткізді. Ауданның құрметті азаматы Шәріп Қабылбаев мерекемен құттықтап, сый-сияпат көрсеткен жастарға рахметін айтып, ақ батасын берді.
Расында, аталған жоба талай жастың жігерін жанып, еңбекке деген құлшынысын арттырғаны анық. Бұл топтың құрамында Рабиға Үсенова, Гүлзинат Мұратбаева, Айжан Ермекбай, Самал Сейтжанова бар. «Төзім мен аса жауапкершілікті талап ететін қолөнер жұмысы кейінгі жас буынның еңбекке ынтасын арттырады деп сенеміз», – дейді Рабиға Жолдыбайқызы. Жаңадан ашылған шағын тігін цехының жұмысымен танысу барысында осындай игі іске куә болдық. Тігінші қыздар мұнымен тоқтамақ емес. Олар кенттегі аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тігілген жабдықтарын үлестіретін болады. Кіші жобаны жүзеге асыруда сексен бес адам қамтылады. Жоба жеңімпазы арнайы сатып алынған тігін машинасы, қажетті заттармен көрпе, көрпеше тігіп, халықтың осал топтарының тұрмыс жағдайларының сәл де болса жақсаруы үшін жұмыс жасауды басты мақсат етіп отыр.


Нұр НАУАН.


29 қыркүйек 2018 ж. 1 374 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930