» » Ақтөбе облысында көше кезіп жүрген түйеқұс тұрғындарды таңырқатты (фото)

Ақтөбе облысында көше кезіп жүрген түйеқұс тұрғындарды таңырқатты (фото)



Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында көшеде еркін жүрген түйеқұстың суреті тарауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сурет Facebook-тегі Аслан Өтеулиннің парақшасында жарияланды.

"Туған аймағымды жақсы көремін. Қандығашта иесіз түйеқұс жүгіріп жүр. Міне, осындай жаһандану", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өз болжамдарын айтуға асыққан.

"Олар: Фермадан қашып кеткен шығар?", Тарихи отанына қайтып бара жатыр", - деген сынды пікірлер қалдырған.

https://kaz.nur.kz


22 мамыр 2019 ж. 932 0