» » » Германиядағы той: Немістер тойына қазақша шапан киіп, Айқынның әніне биледі

Германиядағы той: Немістер тойына қазақша шапан киіп, Айқынның әніне биледі

Әлеуметтік желіде Қазақстаннан көшіп кеткен немістердің үйлену тойынан үзінді жарияланды. Олар жырақта жүрсе де, қазақтың ән-күйін ұмытпаған. Бұл туралы журналист Қанат Ескендір Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


"Біздің немістер - Германияда да Біздің немістер!" Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам (қазіргі Саудакент) ауылынан тарихи отанына кеткен неміс бауырларымыз Германияда қазақша той өткізіп жатыр! "Лёва, кімсің?" десең, "Жағалбайлымын!" деуші еді.., қазақтың асын адалдап жеген ағайындарым-ай!..", - деп жазады журналист өз парақшасында.
Видеода неміс жерінде өтіп жатқан үйлену тойынан үзінді келтірілген. Олар қазақ тілінде тілек айтып, қазақтың шапанын киіп, қазақ әндеріне билеуде.

Тарихи отанына көшіп кетсе де, қазақ халқын ұмытпаған неміс ұлтының өкілдеріне көпшілік ризашылығын білдіруде.

"Адал немістер-көршілер! Давид деген электрик мақалдатып сөйлейтін. Көп қазаққа үлгі", "Еліне кеткелі 20 жылдан асты, әлі қазақты ұмытпауын айтсаңызшы!", "Керемет қой, керемет, аман есен жүрсін, неміс бауырлар!" деп жазды желі қолданушылары.


13 мамыр 2019 ж. 1 027 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930