» » » Берлинде отандасымыз музыкасын жазған қойылымның тұсаукесері өтті

Берлинде отандасымыз музыкасын жазған қойылымның тұсаукесері өтті


Берлинде «Мен, Икар»  атты музыкалық спектакльдің тұсаукесері өтті. Бұл неміс режиссері Аннета Янс пен ақын Оливер Шмерингтің және қазақстандық композитор Санжар Бәйтерековтың бірлескен еңбегі. Осы жобаға қатысу үшін  отандасымызды немістер арнайы шақырып, ол спектакльге музыка жазған болатын. Қойылым Икардың ұшуы туралы ежелгі грек аңызының негізінде жазылған. Тұсаукесер Германиядағы жастар мен балаларға арналған ең ірі театр - Паркауэде болды. Залдағы көрермендер спектакльді үлкен қызығушылықпен тамашалап, қойылым соңында әртістерге тік тұрып, қошемет көрсетті. Айта кетерлігі биыл Берлинде Икардың 10 көрсетілімі болмақ. Бұл спектакль Қазақстанда да қойылады деген жоспар бар. Санжар Бәйтереков, композитор: - Осы топта ең жасы мен болғандықтан, режиссер мен либреттошының кәсіби шеберлігіне тәнті болдым. Спектакльге өз үлесімді қосқанымына қуаныштымын. Оливер Шмеринг либретто мәтінінде қазақ сөздерін қолданған. Үлкен жазушының шығармашылығына біздің тіліміздің сінгеніне ризамын. Менің ойымша, қойылым табысты өтті. Бұл режиссура мен мәтіннің арқасында деп ойлаймын, музыкасының да еңбегі бар деген үміттемін.

24.kz
06 маусым 2018 ж. 657 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 739

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930