СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ
1945 жылдың сәуір айы. Кеңес әскерлері немістерді тықсырып фашизмнің ордасы Берлинге үш жақтан қоршап алып соққы берді. Бұлар 1-ші Беларус майданының қолбасшысы данқты маршал Г.К.Жуковтың, 2-ші Украина майданының қолбасшысы ержүрек маршал Рассаковскийдің және 1-ші Украина майданының қолбасшысы талантты маршал Коневтің жауынгерлері болатын. Ендігі мақсат – қайткен күнде де Жеңіс туын айтулы мереке – 1 мамырда Берлинде фашизмнің ордасы Рейхстагқа тігу жоспарланды. Сталиннің бұйрығы бойынша Берлинге бірінші болып кіріп, Рейхстагқа туды тігу Жуковтың жауынгерлеріне жүктелген болатын.
Өкінішке орай, Жуков әскерлері бұл тапсырманы орындай алмады. Оның себебін даңқты маршал Сталинге қалай түсіндірген?
1945 жылдың 30 сәуірінде Жуков өз бұйрығында Берлинді тездетіп алып, Рейхстагқа ту тігуді міндеттеді. Бұл кездері неміс астанасын жан-жақтан бомбалап, әр көше, әр үй кеңес жауынгерлерінің қол астына көше бастаған болатын. Неміс әскерлері қарсылық көрсетуге шамасы келмей беріліп жатқан еді. Осындай толық бақылауда болған Берлинге әуеден парашютпен десант түсіруге мүмкіндік жоқ болатын. Түскен күнде де әуеден-ақ парашютшілерді кеңес әскерлерінің қаруы жерге табандарын тигізбей жойып жіберуге қауқарлы еді. Ал маршал 30 сәуірде жіберген хабарламасында «Рейхстагты СС-тің таңдаулы бөлімдері қорғауда, қорғанысты осы ауданда күшейту мақсатында 28 сәуірде немістер парашютпен теңіз жаяу батальонын түсірді», – деп жазған. Майдан штабына мұндай мәлімет қандай негізге сүйеніп берілгені төменнен берілген мәліметтердің негізінде болғаны анықталған.
1945 жылдың 30 сәуірінде 79-шы атқыштар корпусының штаб бастығы Летунов 3-ші екпінді армияның қолбасшысы Василий Кузнецовқа: «Мықты қорғаныспен қарсыластар шайқасып берілмеуде. 28 сәуір 1945 жылы Рейхстаг ауданына ұшқыштармен және моряктардан жасақталған үш ротадан тұратын «Өлі кенелер» атты СС-тің батальон десанттары түсіріліп Рейхстагты қорғау шайқасын жүргізуде», – деген мәлімет жіберген. Ал мұндай мәліметті Рейхстагті алудағы 3-ші екпінді армияның құрамына кіретін құрамалар корпус, дивизия, полктер мен батальондардың командалық штаб мәліметтерінде ондай десанттардың түсірілгені жөнінде мәліметтер берілмеген. Сонда майданның бас қолбасшысы маршал Жуковтың мәлімдемесі қандай негізде берілді? СС-тің жалған десанттарын кімдер ойлап тапқан? Шындығында, Рейхстагті алуда жан беріп, жан алысып шайқасып жатқан батальонның жауынгерлерін немістердің қара бушлатты, СС-тің дулығалы солдаттарымен шайқасқа түскен. Олар өліспей-беріспей талқандалады. Осы жағдайды батальон командирлері жоғарғы жаққа «СС-тің теңіз жаяу әскерлері Рейхстаг ауданына десант болып түсіріліп, қарсылық көрсетуде» деп мәлімет беріп жібереді. Бұл мәлімет армия штабына түсіп, сол күні ол Берлин шайқасын бақылауда ұстап отырған Сталинге жетеді. Ал шын мәнінде бұл СС құрамындағы моряктар кімдер еді? 25 сәуірде Вермахтің әскери теңіз командованиясы 17-19 жастағы курсант моряк кадеттерден және радио-лакаторшылардан үш батальон жасақтап, олардың Фюрерге деген антын қабылдап «СС-жауынгерлері» деген атпенен 26 сәуір күні түнде бес «Ю-352» әскери ұшақпен (180 кадет және 6 офицер) Берлин маңындағы Готов аэродромнан ұшып шығып, Берлинге бет алады. Берлинде бұл кездері кеңес әскерлері әуеден де жерден де атып бомбалап астаң-кестеңін шығарып жатқан еді. Ұшақтарды кеңес әскерлерінің артирелистері атқылап екеуін жойып жібереді. Екі ұшақ қонып десанттарды түсіреді. Бір ұшақ хабарсыз кетеді. Сол екі ұшақтағы 80 моряк кадеттер Рейхстагті қорғап жатқан «СС-терге» қосылып шайқасқа қатысқан. Осы мәлімет Жуков арқылы Кремльдегі Сталинге де жеткен. Бұл мәліметті «мұртты көсемге» барынша әсерлеп «СС-тің таңдаулы жанкештілері Рейхстагті алуда жан беріп, жан алысқан шайқастар жүргізуде. Немістер соңғы демдері қалғанша Германия астанасын қорғауда» деп хабарлаған. Сөйтіп, Берлинді алудағы және бірінші мамырда Рейхстагқа ту тігудегі кешеуілдеу себебін даңқты маршал Жуков Сталинге осылайша хабарлаған екен.

Рысбай КӘРІМОВ,
еңбек ардагері.