» » » «Әміре» фильмі прокатқа шығады

«Әміре» фильмі прокатқа шығады


Бүгін Астанада Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсірген «Әміре» фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс тапқан.
1925 жылы ол Париждегі Exposition Internationale des Arts Decoratifs et Industriels Modernes аясындағы дүниежүзілік музыка конкурсына қатысады. Әміре Қашаубаев КСРО делегациясы қатарындағы өнерпаздар арасынан топ жарып, екінші орынды иемденіп, күміс медаль тағады. Еуропа жұршылығына алғаш болып қазақтың дәстүрлі ән орындау өнерін және ұлттық аспап домбыраны паш еткен – Әміре Қашаубаев.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тарихи тұлғалар жайында түсірілген «Әміре» секілді фильмдер шетелдік көрерменнің елімізге деген қызығушылығын арттыратынын айтады.

«Президент Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аты бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың басты шарты – мәдениетіміз бен ұлттық кодымызды сақтап қалу. Онсыз рухани жаңғыру құр жаңғырық болып қалады деп баса айтты. Еліміз жүргізіп отырған саясатта мәдениетке аса көңіл бөлінген. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау мақсатында киноөндіріске идеологиялық мән берілген. Осы орайда, біз бүгін назарларыңызға еліміздің дара әншісі Әміре Қашаубаев туралы түсірілген көркем фильмді ұсынбақпыз. Фильмде Қашаубаевтың 1925 жылы Париждегі қайталанбас жеңісі туралы сөз етіледі. Сондай-ақ, Әміре Қашаубаев туралы елге белгісіз деректер де фильмде көрініс тапқан. Әміре бірінші боп Еуропада қазақ әнін әуелеткен әнші. Оның тұлғасы қазақ өнері және жалпы қазақ үшін аса маңызды. Өсіп келе жатқан жас өрендер ол туралы білулері қажет. Үкімет және министрлік тарапынан осындай еліміздің асыл ұл-қыздарын бүгінгі ұрпаққа танытуда үлкен еңбек атқарылып жатқанын айтқым келеді», - деді ол.

Картина Латвия, Лос-Анджелес қалаларында түсірілді. Сондай-ақ фильмнің соңғы түсіру жұмыстары Алматы облысы Үшқоңыр ауылының маңында жүргізілді. Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы «Балқадиша», «Үш дос», «Дударай», «Бес қарагер» және т.б. әндері орындалады.
Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa), оператор – Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») бар. Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы», «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмдері арқылы танылған австралиялық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен.
Басты рөлді сомдаған Санжар Мәдиев өз жұмысы туралы ойын айтты.

«Аңызға айналған тұлғаны үлкен экранда сомдап шығу – мәртебе. Мен және түсірілім тобы үшін түсірілімның әрбір күні нағыз сынақ болды. Фильмді жасауға қатысқан барлық адамдарға алғыс айтамын», - деді ол.

Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына тұспа-тұс келген фильм жалпыұлттық прокатқа 2018 жылдың 5 сәуірінен бастап шығады.

















https://baq.kz








02 сәуір 2018 ж. 1 158 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930