» » "Алмалы" метро станциясында тегін Wi-Fi іске қосылды

"Алмалы" метро станциясында тегін Wi-Fi іске қосылды

Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен «Алмалы» метро станциясында пилоттық режимде тегін Wi-Fi іске қосылды. Бұл елдегі Wi-Fi жұмыс істейтін екінші станция. Бұған дейін "Жібек болы" станциясына ғаламтор желісі қосылған болатын, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.


Метро станцияларына ғаламтор жесін қосу жұмысы осы екі станциямен шектелмейді. 2019 жылдың қараша айына дейін барлық қолданыстағы станциялар мен пойыздарда Wi-Fi желісін толық қамту жоспарлануда.

«Транстелеком» АТ-қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда бір күннің ішінде 400-ге жуық адам Wi-Fi желісіне қосылған.

Сондай-ақ, «Сарыарқа» және «Достық» жаңа станцияларын пайдалануға беру арқылы бірінші метро желісінің ұзындығы 3,1 шақырымға ұзарып, жалпы ұзындығы 13,4 шақырымды құрағалы тұрғанын айта кеткен жөн. Бұл екі станция пайдалануға берілгенде метродағы жолаушылар ағыны күніне 86 мың адамнан асуы мүмкін. 
23 мамыр 2019 ж. 579 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930