» » Алматы метросының пойыздары неліктен баяу жүретіні анықталды

Алматы метросының пойыздары неліктен баяу жүретіні анықталды

©Владимир Дмитриев

Алматы метросының пойыздары неліктен баяу жүретіні анықталды

Алматы жерасты метросының орташа жылдамдығы сағатына 35-40 шақырым. Капитал құрылыс қызметінің техникалық департаментінің директоры Мақсат Сейтқұлов неліктен қаладағы метро пойызы аса жылдамдықпен жүрмейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мысалға, мәскеулік метрополитенде жылдамдық мәселесі бірнеше жыл бұрын қозғалған болатын. Жерасты метросының әр аялдамасы орташа есеппен 5-тен 20 шақырымға дейін артқан. Ресейлік БАҚ өкілдері хабарлағандай, Кольцева аялдамасы сағатына 60-тан 80 шақырымға артқанын, ал "Планерная" - "Сходненская" Таганско-Краснопресненской" аялдамасы сағатына 60-тан 75 шақырымға дейін артқанын жазды. Мақсат Сейтқұловтың түсіндіруінше, алматылық метрополитеннің жылдамдығы оның тікелей және қисық секцияларын ескере отырып белгіленді. "Пойыздың жылдамдығы оның қай аймақта орналасқанына байланысты. Алматы метросының орташа жылдамдығы сағатына 35 шақырым. "Абай" аялдамасының аймағы қисық. Жерасты метро жолы Абай даңғылының астында өткендіктен, қисық аймақты жолдан жылдамдық азая түседі. Пойыздар кез келген уақытта өз жылдамдығын арттыра алады, алайда жолаушылардың техникалық қауіпсіздігі деген ереже бар. Біз жолаушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болатын жылдамдықты таңдадық", - деді Сейтқұлов.

kaz.tengrinews.kz

14 тамыз 2018 ж. 618 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930